Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Halyk балалар клубын ашуға көмектесті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Halyk балалар клубын ашуға көмектесті

Halyk балалар клубын ашуға көмектесті

      Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл жыл басында Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асты. Балалар саны көбеюіне байланысты мектеп жасына дейінгі балалар үшін бос уақытты ұйымдастыру және сапалы білім беру мәселесі туындады. Әсіресе, өңірлерде бұл сұрақ өзекті болып қала бермек.
         Қостанайлық жас кәсіпкер Наталья Аман қазіргі уақытта осы мәселемен айналысып жатыр. Ол 2015 жылдың сәуір айында The Family Nest — «Отбасылық ұя» балалар білім беру клубтары желісін іске қосты. Бұл клуб 1-7 жас аралығындағы балаларды оқытып, мектепке дейінгі дайындықты жүргізеді, сонымен қатар, балалардың жалпы дамуымен айналысады.
        «Жұмыстағы біздің басты мақсатымыз — балаларды тәуелсіз болуға үйрету, жан-жақты ойлауды дамыту және олардың білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, тәрбиелеу. Әр бала осы әлем туралы көбірек білуге тырысады, бірақ түрлі жағдайларға байланысты олардың қызығушылығын дамытуға мүмкіндік жоқ. «The Family Nest» клубында мұның барлығы күнделікті шындыққа айналады! Біз мектеп жасына дейінгі балаларға заманауи, өзгермелі әлемге дайын болу үшін қауіпсіз білім беру кеңістігін жасаймыз. Бұл біздің миссиямыз», — деді Наталья.
        Осы жылдың басында 150-ден аса бала қатысқан екі балалар клубы ашылды. Білім беру бағдарламасы үш деңгейден тұрады: Kiddies, Juniors және Preschool. Оқу соңында балалар қазақ және ағылшын тілдерінің негіздерін түсінеді, 20-ға дейін есептейді, логикалық және математикалық есептерді шешеді, танымдық дағдыларды үйренеді, ойлауды, есте сақтауды және сөйлеуді дамытады.
          Дәл осы жоба Қостанайда сәтті болғаны соншалық, Натальяға тағы бір клуб ашуға тура келді. Осы ретте жас кәсіпкер Halyk банкінің «Үміт» бағдарламасы мен «Даму» қорынан жеңілдікті қаржыландыруға өтінім беріп, білім беру мақсаттары үшін жаңа қарыз алады.
        «Жеңілдікті қаржыландыруға өтінімдерді қарастырған сайын біз, ең алдымен, қоғамға пайда әкелетін жобаларға назар аударамыз. Кәсіпкер Наталья Аманға балалардың ата-аналары сенеді, ең бастысы, оның бизнесі білім беруге бағытталған. Бұл болашақта жас қостанайлықтарға біздің қоғамның сауатты және экономикалық белсенді бөлігі болуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл жобаны қолдауға дайынбыз», — деді Halyk Bank Қостанай облыстық филиалының директоры Дәулет Топин.
       Наталья жеңілдетілген қаржыландыруды 2024 жылдың маусымында алған болатын. Қыркүйекте 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға арналған жаңа балалар клубы ашылды.
        Айта кетейік, бұл Halyk банктің «Үміт» бағдарламасы бойынша демеушілік жасаған алғашқы жобасы емес. 2024 жылғы сәуірде Halyk «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен әйелдер кәсіпкерлігін кредиттеудің осы бағдарламасын іске асыруға 5,5 миллиард теңгеге келісімге қол қойды. Қараша айының басында «Үміт» бағдарламасы аясында 1,6 миллиард теңге сомасына 31 бизнес-жоба қаржыландырылды, оның ішінде 12 клиент – моно және шағын қалалардың өкілдері — 558 миллион теңге сомасына жеңілдікті қарыздар алды. «Үміт» әйелдер кәсіпкерлігін кредиттеу бағдарламасының шарттары бойынша қосымша ақпаратты еліміздің барлық өңірлеріндегі шағын бизнесті кредиттеу орталықтарынан немесе Halyk сайтынан білуге болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...