ОТАНЫМ МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Денсаулық, Жас буын, Қоғам, Спорт
25/11/2024
15 Views
Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсаты болған шараның міндеті: Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын түсіндіру. Бүлдіршіндер жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу. Ауызекі сөйлеу дағдысын арттыру. Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру болды.
Әдіс – тәсілдері: Тақпақ орындау, сұраққа жауап алу, күй тыңдау, «додекаэдр» әдісі, мнемотехника әдісі.
Қолданылатын құрал – жабдықтар: додекаэдр, мнемо кесте, мақта, ермексаз, бір реттік майлық, желім, ағаш үгінділер, таяқшалар.
Жылулық шеңбері:
Кенге толы қойнауы
Төлге толы жайлауы
Ол- біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі- ақ
Отан бізде біреу-ақ,
Ол біздің Қазақстан!
Балалардың тілін дамыту. (сөйлеуді дамыту.)
Балалар біз Отан, туған жер, Республика туралы тақпақтар жаттадық.
Балаларға кезекпен орындауға ұсынады.
Міндеті: Патриоттық сезімін ояту. Ұйқас сөздерді анық айту дағдысын арттыру. (қазақ тілі)
Нұрдаулет
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Талғат
Әнұраным, жан ұраным
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі-бақи шырқалады
Республика, Әнұраны.
Ибрахим
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Диас
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!
Төреш
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Маржан
Ақжайық , Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Айзере
Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Д/о: «Додекаэдр» әдісі.
Міндеті: 12 беттегі суретке қарап сұрақтарға жауап беру. Сөйлеуді дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру.
Шарты: Балалар шеңбер бойында тұрып додекаэдрді бір біріне лақтыру арқылы суретке толық әңгіме айту.
Д/о : Сурет арқылы.
Мақал – мәтел айдары.
Міндеті: Мінемотехника әдісі арқылы қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің мазмұнын түсінуге, мақал – мәтел жатқа айтуға үйрету. (Көркем әдебиет.)
1.Отан оттан да ыстық.
-
Туған жердің жуасы да тәтті
-
Туған жер алтын бесік.
-
Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық .
-
5.Отанды сүю, отбасынан басталады.
-
6. Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
-
7. Отан үшін еңбек етсең,
Халқыңның сүйген ұлы боласың.
Д/о: «Мен білетін дыбыстар»
Міндететі: Балаларға өткен дыбыстарын атап, сөзді қосып оқуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету дағдысын арттыру. Қоршаған орта туралы түсініктерін тиянақтау. (Сауат ашу негіздері.)
Отан. Ана. Ата. Апа.
Сергіту сәті:
«Күй күмбірі» «Келіншек» күйі. Д. Нүрпейісова
Шығармашылық ойын: «Елімнің байлығы»
2 топқа бөлініп ұжым болып жұмыс жасау.
-
Мақтамен жұмыс.
Мақсаты: Плакатқа мақтаның бейнесін мақтаны шиттеп жабыстыру. Жапырақтарына боялған ағаш қиқымдарын желіммен жабыстыру.
-
Бидайдың бейнесі.
Мақсаты: Плакатқа ермексазды жабыстырып, үстіне бір реттік майлықтарды жұлмалап таяқшаның көмегімен орналастыру.
Қорытынды:
Д/о : «Күннің шуағы» ойыны арқылы іс-әрекетті қорытындылау.
Мақсаты: Балалар күннің шуағын ашып бір-бірлеріне, Отанға, достарына деген тілектерін, ыстық ықыласын білдіреді.
Роза АБДУРАИМОВА,
«Наурыз» бөбекжай-балабақшасы.
Жетісай ауданы.
2024-11-25