ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ!
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
25/11/2024
6 Views
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Боздақтарға тәу ету. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекіліктер: ҚР Рәміздерінің суреттері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев суреті, Желтоқсан оқиғасының құрбандары Л.Асанова мен Қ.Рысқұлбековтың суреттері мен арнау жыр-шумақтары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Іс-шараның барысы: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
Келіңдер достарым,
Қолдарығды беріңдер.
Шаттық тола шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Үлкенге де сіз,
Кішіге десіз.
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
-Сәлеметсіздерме қонақтар, балалар!
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі:
Естілгенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным шарықта!
Бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетімізді Қазақстан Республикасының гимнмен бастайық.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Сұрақ-жауап: Жыл ерекшеліктері:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс
-Қыс мезгілінде неше ай бар? Айбике айта қойшы?
-3 ай бар
Жарайсың,
-Қыс айларын атайық? Медина айта қойшы?
-Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
-Дұрыс, Медина
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Кім айтады?
Рамазан:
-Салқын, боран, аяз
-Үстімізге қандай киім киеміз?
Жылы киім киеміз
-Қандай ойындар ойнаймыз?
Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз
Жарайсыңдар балалар!
Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз.
Ол ел – Қазақстан
Би: «Қазақстан ұландары»
Біздің еліміз қалай аталады? Кім айтады?
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
-Дұрыс, еліміз, Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 26 жыл толып жатыр. Осы 26 жыл ішінде біздің еліміз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, атажұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.
Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
1.Әділет
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атам менен барғанмын.
2.Айбике
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
5.Бақтыгул
Отан деген атамекен
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
4.Кәусар
Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман,тоғай көлімізді.
-Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?
Димаш:
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Дұрыс айтасыңдар. Біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.
Желтоқсан айында бірнеше мереке бар. Олардың алғашқысы Президент күні болса, одан кейін тәуелсіздік күні мерекесі екен.
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?
Бексұлтан:
-Ту, елтаңба, гимн.
-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
Даниял:
-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.
-Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?
Сауран:
-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.
Ту, Елтаңба туралы тақпақтарымызды еске түсірейік
Мариям:
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің
Бағжан:
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал.
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Ауызда ұшқыр төзімді,
Пырақ халық аманы.
Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейікші.
Бағжан:
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Айша:
Отан оттанда ыстық.
Жандос:
Отанын саткан онбас.
Алдияр:
Отан-отбасынан басталады
-Бүгінгі ашық оқу қызметіміз ұнады ма?
-Ия ұнады.
-Рәміздерді еске түсірейік
-Ту, елтаңба, гимн
-Тәуелсіздікке неше жыл толды?
-Тәуелсіздігімізге 33 жыл
Сонымен, біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс әрекетімізді аяқталаймыз.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
Ахметова Бахытгул Мустафаевна, Санаты: Педагог-зерттеуші.
Түркістан облысының білім басқармасының, Жетісай ауданының білім бөлімінің “Майра”бөбекжай-бақшасы” МКҚК-нің тәрбиешісі.
2024-11-25