Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР ӘЛЕМІ (ОРТАҢҒЫ «ҚАРЛЫҒАШ» ТОБЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР ӘЛЕМІ (ОРТАҢҒЫ «ҚАРЛЫҒАШ» ТОБЫ

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР ӘЛЕМІ (ОРТАҢҒЫ «ҚАРЛЫҒАШ» ТОБЫ

Білім беру дағдылары;   «Таным», «Шығармашылық». «Коммуникация
Ұйымдастырылған  іс-әрекет түрі: «Қарапайым математика», «Жапсыру»
Мақсаты: Геометриалық    пішіндер шеңбер. үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрышты атап ажырату, заттардың аз немесе көп екендігін салыстыру, үйшік құрастырып жапсырумен саусақ қимылдарын дамыту.
Көрнекі құралдар: жапсырма үйшік үлгісі, алмалардың муляжы, санағыш таяқшалары, үлгі суреттер, түрлі геометриялық пішіндеге сәйкес суреттер, қораптар, шар, доғалар  т.б
әдістемелік әдісі: Үлгі көрсету, түсіндіру, бағалау,  ойындар, мадақтау
Шуақты шеңбер айналасында жиын:
Тәрбеші балаларды өзіне қаратып барлықтарына бір біріне күлімдеп қарап жүрек жылуын көрсетуін өтінеді.
          Шаттық шеңбері
     Үлкенгеде сіз,
      Кішігеде сіз,
      Баршаңызға құрметпен
      Бас иеміз біз,
      Сәлем сәлем сәлем !
Содан соң балаларға арналған қораптар стол үстіне қойылғанын көрсетіп , олардың түсіне қарай  әр партада өз орнына барып отырып алдындағы қорапты ашып көріңдер дейді. Қораптың түсіне қарай балалар төрт топқа бөлініп шығады.
Балалар өз кезегінде тәрбиешіге бір біріне қимылмен, көз қарасымен жүрек жылуын жолдайды содан соң орындарына барып отырып қораптарды ашады.
Балаларға қораптан пішіндерді алғызып санатады, тік төртбұрыштарды санатады (1 үлкен, 1 кішкентай тік төртбұрыш,1үлкен,1кішкентай төртбұрыш).
Қызыл түстісі үшбұрыш қанша?
Көк түсті үлкен төртбұрыш қанша?
Ақ түсті кішкентай төртбұрыш қанша?
Қоңыр түсті үлкен тік төртбұрыш қанша?
Қара түсті кішкентай тік төртбұрыш қанша?
Сонда соң осы пішіндерден әдемі үйшік құрастыруға болады дейді. Балалардан құрастыруды үйренесіңдерме деп сұрайды.
Олай болса мына әдемі үлгі жапсырмаға қараңдар деп оны жасау әдістерін үйретеді. Орындаған жұмыстарын
көрме сөресіне апарып ілгізеді, жасаған жұмыстарын бағалатады
Осы кезде музыка әуені естіледі музакасын ойнатып қолына магнитофон ұстап мысық келеді. Балалармен сәлемдеседі меніменен ойын ойнағыларың келеме? деп балалардан сұрайды
Мысық балаларға ғажайып қапшықты көрсетеді оны алысқа қояды тапсырмамды дұрыс орындаған  балаларға қапшықта силық бар дейді.
  1.Тапсырма: «Әдемі көрпеше құрастыру»
Геомертиялық пішіндерден көрпеше құрастыру
        Тапсырма «Пішіндерге не ұқсайды?»
Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табады.
  1. Тапсырма «Санағыш таяқшалармен сурет құрастыру»
Сурет үлгісіне қарай, санағыш таяқшалармен сурет құрастыру.
Сергіту сәті
«Паравозым чуг-чуг»
     Музыка әуенімен қимыл жасап, айтылған тапсырмаға қимыл   қозғалыс   жасау.
3.Тапсырма «Текемет»  көктеу  Ою өрнектің атын аттап, оюды үйлестіре білу.
Қимылды ойын: «Күнмен жаңбыр»
    Балалар шеңберді бойлай көңілді музыка әуенімен билеп жүреді, найзағайдың, жаңбырдың дыбысын естігенде тәрбиешінің қолшатырына тығылады. Ойын осылайша 3-4 рет қайталанады, ары қарай жалғасады.
Соңында тәрбиеші мысыққа алғысын айтады, біздің балалар қандай? Мықты мекен? деп сұрайды
Мысық балаларды мақтап мадақтап  қапшықты ашып әр балаға бір чупа – чупс кәмпитінен береді. Қоштасып кетеді.
Тәрбиеші балаларды орындарына барып отыруын тапсырады, кәмпиттерін жемей тұрып
  -Бүгін немен айналыстық?
  -Бүгінгі ұйымдастырған іс әрекеттер  ұнады ма? –деп, балаларға жасаған іс әрекеттерін қорытып айтуын ұйымдастырып бағалап іс әрекетті аяқтайды.
Балалар үш бұрыш, төртбұрыш,  тік төртбұрыш  пішіндерді алып санайды.
 Балалар пішіндерді санайды 1үшбырыш,
2 төртбұрыш,2 тік төртбұрыш барлығы 5 пішін.
Жапсырма жасауға келіседі, үлгі бойынша жасайды көрме сөресіне апарып іледі
Тосыннан шыққан музыкаға көңіл аударады мысықпен сәлемдесіп, тапсырма  береді, орындауға балалар келіседі.
Балалар тапсырманы жақсы орындауға тылпынады, жасайды.
Музыка әуенімен бірге қимыл қозғалыс жасайды.
Балалар қимыл қозғалысты, музыка әуенімен бірге орындайды
Мысықпен қоштасады
Жасаған жапсырманы, санағандарын, көрпеше құрастырғандарын, текемет көктегендерін көрсетіп, қорытып айтып береді . Өздеріне ұнаған сәтті әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртуы: Геометриялық пішіндерді таныса отырып, сұрақтарға жауап беруді,    жапсыруды жасауды.
Түсінуі: геометриялық пішіндерді салыстыруды, үйшік қандай бөліктерден құралатынын ойындарды, тапсырмаларды үлгіден айнытпай орындауды.
Қолдануы:  салыстыруды, ажырату, үйшік жапсырмасын жапсыру, санағыштармен сурет құрау.
Ахметова Бахытгул Мустафаевна, Санаты: Педагог-зерттеуші.
Түркістан облысының білім басқармасының, Жетісай ауданының білім бөлімінің “Майра”бөбекжай-бақшасы” МКҚК-нің тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді

        ...

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...