Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОЮ - ӨРНЕК СӘНІМІЗ! ( ҚОШҚАР МҮЙІЗ) - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОЮ – ӨРНЕК СӘНІМІЗ! ( ҚОШҚАР МҮЙІЗ)

ОЮ – ӨРНЕК СӘНІМІЗ! ( ҚОШҚАР МҮЙІЗ)

        Ата -ана қатысуымен ұйымдастырылған осы  іс-әрекеттің  мақсаты: қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар туралы түсінік беру. Ою – өрнек туралы мағлұмат беру. Дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, саусақпен ою – өрнекті салуды үйрету.Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
       Қолданатын әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, көркем сөз, жұмбақ шешу, ойын ойнату, қайталау, мадақтау.
       Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары әже суреттері; түрлі түсті картоннан қиылған ұлттық киім-кешектер мен жиһаздардың пішіндері; тіс пастасы, дымқыл шүберек.
        Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Амандасу.
Армысың шұғылалы алтын күн!
Армысың мейірімді жер ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату дос болайық!
Кіріспе әңгіме:
Жыл мезгілі туралы; апта күні туралы сұрақтар қою. өткен сабақты қайталау.
         Жаңа  ұйымдастырылған іс-әрекет:
Бұрынғы кезде біздің ата – бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге – кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою – өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою – өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.  «Қошқар мүйіз» – ата бабаларымыздың отар – отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.
       Тақпақ жаттату:
Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
Орын алар тұрағы, көрпе – киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
Көз тартып құбылады оюымыз.
Қызықты сәт:
Киіз үйде тұратын Әженің үйіне қонаққа бару.
       Әженің тапсырмасы:
Жұмбақ.
Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды.(сандық)
Текшелеп төрге
Жиғаным не? (көрпе, жастық)
         Тәрбиеші:
Балалар! Қараңдаршы, әжеміздің киім-кешектеріне, жиһаздарына не жетіспейді?
Балалар: Ою – өрнектер.
        Тәрбиеші: Олай болса әженің киім-кешектері мен жиһаздарына ою – өрнектермен безендіріп берейік.
Біздер бүгін әдеттегідей бояумен немесе түрлі – түсті қарындаштармен салмаймыз.
Бүгін біз кәдімгі тіс пастасымен, саусақтарымызбен саламыз
Тәрбиеші алдымен өзі үлгі ретінде көрсетеді.
      Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық
Балалар түрлі – түсті қағаздан қиылған киімдер мен жиһаздарға ою салып болған соң, әжеге сыйға тарту етеді.
Ашық ұйымдастырылған осы  іс-әрекетке келген  Алтынбектің әжесі балаларға  күй тартып берсе, балалар дөңгелене отырып ою-өрнекті жапсырып, бейнелеп берді, ойындар арқылы тапсырмаларды орындады.
        Қорытындылау бөлімінде балаларға сұрақтар қойылып, жақсы нәтиже көрсеткен балалар мадақталды.
Пернегүл Рахымжанқызы Айтхожаева,
 «Нұр Асықата «бөбекжай-бақшасының әдіскері.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БАЛАЛАРҒА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ЖАЙЫ

        ...

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

        ...

Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді

        ...

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...