ҚАЗАҚСТАН – ТУҒАН ЕЛІМ, ҰЛЫ ӨЛКЕМ
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
24/10/2024
36 Views
Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күніне орай өз тәрбиеленушілеріммен біргелікте «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында тәрбие сағаты өткіздім.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты: 1.Балалардың Отан, Қазақстан ,туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2.Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. 3.Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде балаларға елімізге қатысты маңызды ақпараттар беріліп, сауалдар қойылды. Олар соларға нақты жауаптар қайтарды.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала – дағы ең кіші.
Рәміздерім – ӘНҰРАН, ТУ, ЕЛТАҢБА,
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз Қазақстан?
Балалар: Қазақстан!
Тәрбиеші: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті Қасым – Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Еліміздің елордасы Астана.
Тәрбиеші: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.
Балалар біз осы тұрып жатқан Еліміздің Мемлекетіміздің Отанымыз Қазақстанның Туын желім арқылы жабыстырып шығамыз.
Шығармашылық – Қазақстан Республикасының Туын жабыстыру
Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!
Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!
Әр қашан сәбилердің күлкісі үзілмесін!
Қорытынды бөлімде: Балалар бүгін, міне, Республика күні мерекесін тойладық. Әрқашанда жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін – деп тәрбиеленушілеріме игі тілектерім арнадым.
Әуескүл Әбубәкірқызы Искакова,
Ересек «Аққу » тобының тәрбиешісі.
МКҚК «Нұр Асықата » бөбекжай-бақшасы. Жетісай ауданы.
2024-10-24