КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам
27/11/2024
36 Views
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру. Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.
(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Би: Жапырақтар
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Келді міне Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ән: Алтын күз
Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)
Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін
Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі
Ойын: «Өз ағашынды тап!»
Шарты: Шашылған жапырады теріп алып, өз ағаштарының қасына тез барып тұру.
Бағбаншы: кіреді.
Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді қазір өздерін таныстырсың.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар
Өрік
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Картоп
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Шие
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім
Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.
Ойынның аты: «Көкөністер»
(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Бағбаншы: Желдін артынан қуады.
Жүргізуші: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын
Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.
Жел: мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
Ойын: «Тауық пен әтеш»
Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?
Жел: жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.
Күз оянады.
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Мен Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.
Күз ханшайымы:Өте қызықты ертегі екен. Рахмет, балалар.
Ән: Жаңбыр.
О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші күлімдеп
Аунар ма еді, жатып ап!
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Ағаштарда жапырақ,
Ұшып ұшып азайды.
Тырау тырау тырналар,
Туған жерден ұзайды.
Ән: «Күз келгенде».
Жүргізуші:
Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.
Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.
(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен «Бүлдіршін » тобының «Келді міне Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!
Н.Е. НАҚЫПБЕКОВА,
«Аянат-сұлу» бөбекжай балабақшасы ЖШС. «Бүлдіршін» орта тобының тәрбиешісі.
2024-11-27