Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Қазақ тілі»
Таным: «Қоршаған ортамен танысу», «Құрастыру»
Шығармашылық: «Мүсіндеу» «Еңбекке баулу»
Мақсаты: Б.М. Балаларға көне ұлттық құндылықтарымыз туралы кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтар туралы ақпараттарды іс-әрекет барысында меңгерту.
Т.М. Үлкендермен қарым-қатынас еңбек етуге баулу. Әдептілікке, тәртілікке шақыру. Баланың тіл байлығын, қазақ тіліндегі дыбыстар мен әріптерді дұрыс айтқызып, шығармашылық қабілеттерін ашу. Қамқорлық пен жанашырлық сезімдерін дамыту. Әсемдік пен ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер мен технологиялар: Тосын сәт, көрсету (АКТ), түсіндіру, әңгімелеу, құрастыру жапсыру, сұрақ-жауап, сипаттау, мадақтау.
Қолданылатын көрнекіліктер: пазлдар, интерактивті тақта.
Іс-әрекет барысы:
Балалардың көңіл-күйін сұрау.
Балаларды шеңберге тұрғызып, шаттық шеңберін орындату
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей болып, өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар қараңдаршы бұл не?
Балалар:-Сандықтар
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдардар, бұл біздің көнеден келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі үй жиһазымыз сандықтар. Балалар бұл сандықтардың ішіне ата-бабаларымыз не салған сендер білесіңдер ме?
Балалар:-Киім-кешек, ыдыс-аяқ.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар. Міне балалар, бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізде «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» деп аталады. Ал балалар осы сандықтардың ішін ашып көргілерің келе ме?
Балалар:-Иә.
Әдіс-тәсіл «Тосын сәт»
Мульт топтамадығы «Қалқан құлақ» есік қағылады.
Тәрбиеші:– Ой балалар бұл кім болды? Мынау біздің балаларға арналған «Балалапан» ұлттық  телеарнамыздағы Мульт топтамадағы Қалқан құлақ емес пе?
Балалар:-Иә. Қалқан құлақ.
Тәрбиеші:– Қалқұлақ сенің жайша жүрсің бе? Құлағың тағы да үлкейіпті ғой. Бір бұзықтық жасадың ба?
Қалқан құлақ:-Иә, жаңа жолай келе жатып, ағын суға түкіріп, өсіп тұрған ағашты сындырған едім. Сонымен құлағым тағы да қалқандай болып өсіп кетті.
Тәрбиеші: – Ой, олай жасауға болмайды ғой, сен білмейтін бе едің, біздің қазақ халқымызда тиым салынған нәрселерді жасауға болмайтынын.
Қалқан құлақ:-Жоқ, білмейді екенмін.
Тәрбиеші: – Қане балалар есімізге түсірейікші тиым салынған сөздерді. Ал сен Қалқан құлақ мұқият тыңда!
Тиым салынған сөздер
Балалар:«Керегені керме», «Көкті жұлма», «Суға түкірме», «Малды теппе», «Ағарғанды жерге төкпе», «Жас ағашты сындырма»
Тәрбиеші: – Көрдің бе, біздің балаларымыз бәрін біледі. Біз бүгін балалармен ұлттық құндылықтарымыз туралы іс-әрекетімізді бастап жатыр едік, кенеттен сен келдің.
Қалқан құлақ:– Апай, онда мен сіздермен бірге іс-әрекеттеріңізге қатысайыншы, менің құлағым кішірейіп қалпына келер.
Тәрбиеші:- Жарайды, қатыса ғой. Олай болса біз сандықтарды ашып қарамақ болып едік, ендеше сандықтың ішінде не бар екенін көрейік. Ой балалар не шықты? Шарға байланған сурет шығыпты. Көрейікші ненің суреті екен.
Әдіс-тәсіл АКТ «Торсық туралы ақпарат»
Торсықтың тапсырмасы «Құрастыру»
Тәрбиеші: – Қане балалар, тапсырманы бірге орындайық. Мына пазлдарды құрастырмас бұрын, біздің ерте заманымыздан келе жатқан жерге отыру әдебін үйреніп алайық.
Ұлдардың отыру әдебі
Қыздардың отыру әдебі
Тәрбиеші: – Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Ал енді 2-ші сандығымызды ашайық.
«Күбі туралы ақпарат»
Күбің тапсырмасы «Әжеге жәрдем берейік»
Шығармашылық «Еңбекке баулу»
Қыздар тоқаш дайындайды
Ұлдар ошаққа отын дайынды.
Тәрбиеші: – Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, қане бәріміз бір сергіп алайықшы.
Сергіту сәті: Қара жорға биі
Тәрбиеші: – Балалар, 3-ші сандығымызды ашайып қарайық иә?
«Астау туралы ақпарат»
Әдіс-тәсіл «Интер активті тақта»
Астауды тапсырмасы «Берекелі дастархан»
«Дастархан» әуенімен
Тәрбиеші қазақтың дастарханы туралы ақпарат айтады.
 Тәрбиеші: – Балалар енді сендермен бірге осы асыққа байланысты «Қазан қап» ойынын бірге ойнайық.
Ойын: «Қазан қап»
Ойын шарты балалар түрлі түсті асықтарды өз қазан қабына түсіреді.
Жылдамдық танытып бірінші болған бала жеңіске жетеді.
 Тәрбиеші: – Жарайсыңдар балалар, бәріне керемет қатысып жатырсыңдар.
 Қалқан құлақ:-Апай мен ойлап едім сіздермен бірге іс-әрекеттеріңізге жақсы қатыссам құлағым өз қалпына келер деп, бірақ әлі қалпына келмеген ғой, мен енді не істеймін, осылай бәріне күлкі болып жүре беремін бе?
Тәрбиеші: – Көңіліңді түсірме, біз саған көмек береміз, балалар бәріміз бірге барып әженің Ақ батасын алайық сол кезде әженің тілеген тілегі келіп, Қалқан құлақтың құлағы қалыпқа келер
Әженің Ақ батасы
Тәрбиеші: – Ой қараңдаршы балалар, Қалқан құлақтың, құлағы қапыла келіпті. Енді ол ешқандай бұзықтық жасамайды. «Батамен ел көгерер» деген осы екен, әженің тілегі қабыл болды.
Тәрбиеші балалардан бүгінгі іс-әркеттерге байланысты сұрап, қорытындылайды.
М.НАБАТОВА,  
«Нұр-Кәусар» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-нің тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ – ТҰЛҒАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

        ...

АЛҒАШҚЫ АДАМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

        ...

БАЛАЛАРҒА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ЖАЙЫ

        ...

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

        ...

Журналистер қазіргі заман ағымына сай жұмыс істеу тәсілін үйренді

        ...

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...