Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді пысықтау, буын құрау, қарапайым математикалық ұғымдармен танысып қосу алу амалдарын үйрену. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, ойлау қабілетін дамыту, дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді пайдалана отырып игерген білімдерін бекіту. Сөздерді байланыстыра отырып сөздік қорын дамыту. Заттарды санына қарай салыстыра білу, кеңістікті бағдарлау, әрі ертегіні тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бір – біріне көмектесу, ұнамсыз істерді болдырмау. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін пайдаланып заттарды ретімен айтуға, санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып ойын, түрінде танымдық әрекетін дамытып, бір – біріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, кейіпкерлердің макеті фетр матасынан  жасалған, әріп жазылған текшелер,  логикалық тапсырмалар,  мультимедия арқылы бейнебаян көрсету.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңберіне тұру
Мұғалім: Сәлеметсіздер ма, балалар! Көңіл күйлерің қалай, жақсы ма? Менің де көңіл күйім өте жоғары. Мен сендердің бәріңді жақсы көремін. Ал сендер бір – біріңді жақсы көресіңдер ме? Ендеше, бір – біріңнің қолдарыңды ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық.
Күн шуағын жинаймын
Достарыма сыйлаймын
Күн жылуын аямасын
Шуағымен аяласын
Достық деген бәйтеректі
Барлық бала саяласын
Міне балалар, сендердің бойларың да, ойларың да өсіп қалыпты. Сендер мектепке дайындалып жүрсіңдер. Болашақта таңғажайып оқиғаларға толы «білім әлемінде» өмір сүресіңдер. Балалар, мен байқап тұрмын, бүгін сіздердің көңіл күйлеріңіз өте жоғары, жүздерің шаттық пен мейірімге, жылылыққа толы. Күн көзі жер бетіне өзінің жылуын таратса, біз бір – бірімізге жылуымызды таратайық, «Біз бақытты баламыз» деп, қайталайық. Мұғалім: Жыл мезгілдері, апта күндері туралы сұрайды.
Балалар, сіздер кішкентай кездеріңізден бастап көптеген ертегілерді атааналарыңнан, апайларыңнан естіп келесіңдер. Ал сендер қандай ертегі білесіңдер? Балалардың жауабы.
Енді сіздер бір ертегіден көрініс көргілерің келе ме? Ендеше ертегілер еліндегі әжейді тыңдайық.
Сахна ашылып, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің дұрыс ретімен орналаспаған көрінісін көреді.
Кейіпкерлердің орнын реттеу үшін көптеген тапсырмаларды орындау керектігін айтып, түсіндіреді. Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.
  1. Бірінші Әжейдің тапсырмасын орындайық. Әжей бізге жұмбақ дайындап келген екен, сол жұмбақтың жауабын бірге тауып көрелік
(Жұбақтар экраннан сурет бейнесінде көрсетіледі)
  1. Суреттерді өзі басталатын әріптерге орналастыру. Мысалы: мысықтың суретін м әріпіне орналастыру, және алдында тұрған әріптерден буындар құрау «Жұдырық» әдісі бойынша жылдам оқу дағдысын қалыптастыру,әріптерді пысықтау, баланың байқампаздық қасиетін дамыту
  2. Ертегідегі әженің немересінің тапсырмасы »Сәбіз теруге көмектес» Бұл тапсырмада алу амалын пысықтау мақсатында сәбіздің сабақтары арқылы есептерді шығару
  3. Дидактикалық ойын «Не жасырынған?» Алма пішінді тапсырмаларды жырту әдісі бойынша ішінде не бар екенін анықтау, сол затты санау, тиісті сандармен сәйкестендіру
  4. «Оңай сөйлем құра».
Берілген сурет бойынша  сөйлемдер құрау, баланың сөздік қорын молайту, сөздерді тиісті жұрнақ жалғаулар арқылы байланыстыру
  1. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Сурет арқылы берілген сөздерді жазу, оларға дыбыстық талдау жасау. Дауысты мен дауыссыз әріптерді ажыратып, гуаш краскасының көмегімен бояу
Қорытынды.
Мұғалім тапсырмалардың бәрін орындағандарын айтып, енді кейіпкерлерді өз орнына орналастырамыз деп «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруды балаларға тапсырады. Орналастырып болған соң балалар кейіпкерлерді ретімен санайды, өз ойларын айтып береді.
Алимбетова Мөлдір Есмуханбетовна,
ЖШС «Жолбарыс ата» бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық тобы  тәрбиешісі.
 Жетісай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...