Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛТЫН КҮЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЛТЫН КҮЗ

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің өзгерістерін  ұғындыру , мерекелік көңіл – күй  сыйлау. Балаларға ән салуға , би билеуге  деген ынталарын арттыру.Мерекеге сай зал безендірілген. Мерекелік залымызда әсем ән ойналып тұрады. Әсем әнмен бүлдіршіндеріміз тәрбиеші апаймен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Балалардың қолында күздің әсем  жапырақтары.
Армысыздар құрметті ата-аналар , ұстаздар «Бал Жазира» бөбекжай балабақшасында тәрбиеленуші  «Аққу» тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі біздің күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Күз мезгілі сары алтын түсімен ел байлығын артырады. Қамбамызға көкеністер мен жемістер ,  дәнді дақылдар , толы астығын сыйлайды.  Ендеше «Алтын күз» ертеңгілігімізді бастайық.
 Жүргізуші; Алтын күз, жаңбырлы күз,
          Жомарт күз, суығына шыдайтын,
          Сұлулығына көз тоймайтын,
          Алтын күздің тойында.
Балалар хормен; Біз шаршауды білмейміз ,
               Ән айтып , би билиміз.
 Жүргізуші; Күз мезгілі неткен әсем, неткен сұлу.
         Балалар келіңдер «Күз жомарт» әнін хормен орындайық.
 Жүргізуші;
          Балдырғандар бүгүнгі
         Еркелігін тастайды
         Күз туралы сіздерге
         Тақпақтарын бастайық.
 Аяулым ;
          Берекесін сыйлауға
         Өлкемізге күз келді.
         Жемістерін жыйнауға
         Шақырады біздерді
 Бексұлтан; Алтын сары, қызыл,көк
          Алуан,алуан жапырақ
          Күзгі бақта күлімдеп
          Көз тартады атырап.
 Жүргізуші. Балалар күз ханшайымын ортаға шақырайықшы.
 Балалар ; Алтын күз,Алтын күз.
 Алтын күз. Сәлем балалар мен Алтын Күзбін, мен алыс жерлерден келдім. Мен жер бетіндегі   тіршіліктерге молшылығымен келемін. Қамбаны астыққа толтырамын. Балалар мен сендерге жемістер әкелдім. Балалар маған дайындаған билерің, әндерің,таппақтарың барма
Балалар ; Ия деп жауап береді .
Жүргізуші. Балалар күз мезгілінде ауа райы бұлтты,жаңбырлы.күн салқын болады.
Жүргізуші;Жаңбыр жауарда аспанда не пайда болады.
Балалар ;»Бұлт» «Бұлт» деп жауап береді.
Жүргізуші ;Бұлтты шақырайық.

         Бұлт ортаға шығады.
  Бұлттар; Біз бұлттармыз ,бұлттармыз
         Қолымыздан ұстаймыз
         Көк аспанды ұстаймыз
         Күнді жасырып қойамыз.
Жүргізуші ;Аспан бұлттанса не жауады.
Балалар ;»Жаңбыр» ,»Жаңбыр» деп жауап береді.

Жаңбырлар ;Мен қара мөлдір Жаңбыр, Жаңбыр
           Жаңбыр жауды жербетін жандандырып
           Мен жаңбырмын,жаңбырмын
           Шөлін басады орман мен қыр.
Жүргізуші.. Балалар қол шатырларыңды алыңдар жаңбыр жауып жатыр.
Балалар «Қол шатыр» биін билейді.
Жүргізуші. Балалар аспанды жарқырап не шықты.
 Балалар; «Күн» ,»Күн» деп жауап береді.
Жүргізуші; Жарқын күн.

        Мерекеміз одан сайын жандана түссін ,
        Бізге шуақты сәулелеріңді шашып ,нұрыңды төкші.
 Күн ;Жарайды,онда мен бар әлемге шуағымды шашайын.
 Жүргізуші; Міне балалар Күз мезгілінде «Бұлтты»,»Жаңбырлы» күндер болады.
 Жүргізуші ;Аспанда жарқырап не шығады балалар.
 Балалар ; «Күн» «Күн» деп жауап береді.
 Жүргізуші ; Ия балалар Күз мезгілінде міне осындай ауа райында құбылыстар болады екен.
 Жүргізуші;Қызыға біз қараймыз
          Бүлдіршіндерге бүгінгі
          Көрейікші көрермендер
 Би; «Жапырақ» биін тамашалайықшы
 Жүргізуші. Ал балалар тұрмайық
          Би билейік бәріміз
          Шырқап ән салайық-деп «Күз келді» әнін тыңдайық
 Жүргізуші; Біздің бүлдіршіндеріміз қазіргі хит әндерге «Флешмок»  биін билиді.
 Жүргізуші; Алтын күз сізге бүлдіршіндеріміз жемістер мен көкеністерге арналған таппақтары бар     екен      қабыл алыңыздар.

 Жанел; Мен өрікпін ірімін
       Алма, алмұртқа інімін
       Дастарханның гүлімін
       Сусыныңды қандырар
       Салқын саумал шырынмын.
  Мұхаммедәли;Тіл үйренген алмұртпын
            Таңсығымын бар жұрттың
            Жақсы өсіре алмайды
             Қараса егер салғырт кім.
  Алмира; Мен моншақтай шиемін
        Құмарсыңдар білемін
        Кетіп қалып жүрмесін
        Тамағыңа сүйегін.
    Әли; Бақшада өседі,
        Керек тағам деседі
        Бар қызыл,көк,сарысы
        Ашы-тұщы бәрісі.
 Кәусәр; Кімде бар сәбіз шырыны
       Жастайынан ішпеген
       Мені жеген адамдар
       Кем болмайды күшкеде.
 Жүргізуші; Біздің ұлдар мен қыздардың орындауында «Күзгі валес» биін тамашалаңыздар.
 Күз; Әндеріңді, билеріңді,таппақтарыңды тыңдап тамашаладым, өркендерің өссін.Ал енді маған   рұқсат беріңдер,мен кетейін. Барып бау бақшамды тексерейін. Сау болыңдар. Күз кетеді.
Жүргізуші;  Құрметті қонақтар міне біздің «Алтын күз»ертенгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.
ЖАНСУЛУ   НУРЖАНОВА,
 «Бал Жазира» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...