Мақсаты: 1 – 5 – ке дейінгі сандарды тура және кері санауға, Ұлттық құндылықтарымыздыңмбірі асық туралы түсіндіру.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал – мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту. Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілік: Асықтар, Сандар. кубиктер.
Барысы:
Балалар кәне орнымыздан түрып жылулық шеңберін орндайық.
Жылулық шеңбер: « Жүректен жүрекке ». Жылы лебіздерін бір – біріне білдіреді. (енді орындарымызға барып отырайық).Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс – әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар». Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Іздену – ұйымдастырушы
Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу іс – әрекеті, тақырыбымыз «Сиқырлы сандар». Ал балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық оқу іс – әрекеті қызықты болып өтпек, себебі үш топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді. Қазір сендерге қоржын берем соның ішіннен бір бір асық алып шағасыңдар.Кімде қандай түс шықса соған қарай бөлініп отырасыңдар.
Балалар енді сендермен бірінші тапсырманы орындайықшы.Мына асық қандай тапсырма алып келген екен көрейікш
1ші тапсырма 5 ке дейін тура және кері сана.
2ші тапсырмамыз адасқан сандарды орындарына қой.
3ші тапсырмамыз снамақ айтайық .
Ал балалар кәне тапсырманы орындайықшы.
1ші тапсырма:1 – 5 ке дейін тура және кері санап және сол сандардың ішінен бір санды көрсете отырып, сол санға байланысты санамақ айту.
(Балалар 1 – 5 ке дейін тура және кері санап шығады.
Балалар өздерінің білетін санамақтарын айтады.)
Балалар тапсырмаларды қызыға орындап шығады.
2 – тапсырма:
– Балалар, ауызша есептер шығара аласыңдар ма? Ендеше менімен «Ойлан тап»ойынын ойнаңдар.
1. Апам менің базардан
Төрт алма сатып әкелді
Үшеуін ағам жеп қойды
Сонда қалды нешеуі?
(1)
2. Сымда тұрған екі құсқа
Ұшып келді біреуі
Сонда болды нешеуі?
(3)
3. Оң жақ талда екі алма
Сол жақ талда бес алма
Қосып көрші барлығын
Болып шықты неше алма?
(7)
4. Алты қонжық көңілді
Шықты орманға асығып
Біреуі шаршап – шалдығып
Қалды достарынан ажырап
Келді орманға алдымен
Нешеуі екенін кім табады?
(5)
5. Үстел үстінде үш бәліш
Оған апам қосты тағы төрт бәліш.
Болып шықты сонда
Барлығы неше бәліш?
(7)
6. Оң жағымда үш ұлу
Сол жағымда алты ұлу
Қосып едік екеуін
Болып шықты неше ұлу?
(9)
3 – тапсырма. Сандарға байланысты мақал – мәтелдер айтып, жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Мақал – мәтелдер.
Жұмбақтар:
1. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
2. Төрт бұрышты қатты
Дәмі сондай тәтті.
(Қант)
3. Оң жағымда бес сарбаз.
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ)