Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ОЙЛАЙЫҚ ТА, ОЙНАЙЫҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ОЙЛАЙЫҚ ТА, ОЙНАЙЫҚ

ОЙЛАЙЫҚ ТА, ОЙНАЙЫҚ

Мақсаты: Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешенші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.Сол жақты, оң жақты , жоғарыда, дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертен, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсе Апта күндерін атап білу, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Зейінін ақыл ой белсенділігін, тез ойлауға, жылдам есептеуге құлшылығын ояту. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру. Ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына сіңіру
Әдіс тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үйлестірлмелі материалдар, сандар, жемістер, шар (сары, жасыл, қызыл, көк)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Балалар шеңбер жасап тұрады.
Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым
Шеңберге біз тұрайық
Жылулықты сыйлайық
Балалар келген қонақтармен амандасайық . Сәлеметсіздерма ,
Балалар бүгін біз қызықты математика еліне «Ойлайық та,ойнайық» еліне саяхат жасайық. Саяхат жасамас бұрын маған мына сұрақтарға жауап беріндерші.
-Бір жылда неше мезгіл бар? ( 4мезгіл)
-Қәзір жылдың қай мезгілі?(қыс)
-Қыс мезгілі немен ерекшеленеді? (қарымен, аязымен,айналанын бәрі аппаққа айналады.
-Қыс мезгілінде неше ай бар? атап өтіндерші ( 3ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
-Кемпірқосақта неше түс бар? ( 7түс)
-Бағдаршамда неше түс бар? (қызыл, жасыл, сары) өте жақсы.
Енді логикалық сұрақтар қоямын, мұқият тындап, зер салып, дұрыс жауап беруге тырысайық.
-Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды?(1 доп)
-Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше
сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
-Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек? Жауабы: жоғары
-Ағашта 5 құс отыр, оның 2 ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?( 3құс)
Қызықтыру сәті : Қоңырау соғылады (видеоқонырау)
Балалар бізге бейнеқоңырау шалып жатыр. кім екен көрейекші.
бейнеқоңыраудан Білім ханшайымы шығады.
Білім ханшамыйымы: Сәлеметсіздерме Балалар. Мен сендерге білім патшалығы » Ойлайық та , ойнайық» елінен қоңырау шалып тұрмын, мен білім ханшайымымын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді ақылды ,мейірімді, еңбекқор, өте білімді екендерінді естідім. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Сыйлығымды алу үшін көп еңбектенулерін керек. Мен сендерді әртүрлі тапсырмаларымен сынағым келеді, сендерге дайындаған тапсырмаларым
бар. Сендер орындайсындарма? Бірақ менің бір шартым бар, тапсырламаларды 3 топқа бөліп орындау керек. Келісесіндерме?
Тәрбиеші: Бәрекелді, олай болса тең үш топқа «Алғырлар» мен «Тапқырлар», «Дарындылар» болып бөлінейік. Қәне әр топтың топ басшылары шығып топтарын таңыстырып өтсін , өздерінің ұрандарын айтсын.
Біздің тобымыз- «Алғырлар тобы»
Біздің ұранымыз:
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Сабақты да жақсы оқып
Мектепке де барамыз
Біздің тобымыз -«Тапқырлар тобы «
Біздің ұранымыз: Біз әдепті баламыз
Оттай болып жанамыз
Сұрақ қойса ойланып
Дұрыс жауап табамыз
Біздің ұранымыз -«Дарындылар тобы»
Біздің ұранымыз: Біз дарынды баламыз
Ақылды біз боламыз
Есептерді жылдам
Шешімін біз табамыз.
Білім ханшайымы: Өте жақсы. Менің тапсырмаларымды тез, әрі дұрыс орындадыңдар
Тәрбиеші :Әр тапсырмаға мен сендерге мынадай смайликтерді өз қоржындарына саламын.
1 тапсырма: Орамал тастамақ ойыны
       Шарты: Оюланған шеңберде алты ұл,қыз отырады қыздардың біреуі орамалды алып айналып жүріп өзінің қалаған досының артына орамалды тастайды, орамалды алған бала қызды қуалап ұстап алу керек ұсталған қыз тақпақ немесе өлең айтып береді солай ойын ары қарай жалғасады.

 2 тапсырма: Текмет басу
      Шарты:  Бес қыз ортаға шығып жүнді түтіп оны қатты матаның үстіне жаяды сосын оюларын реттеп қойып текеметті орайды сулап орап біраз тұрғызып текеметті ашады сонымен оюланған текемет дайын болады,қыздарымыз қызығып белсенді түрде қатысады.

  3 Тапсырма:  Асық ойны 
Шарты: Бес жігіт шығып асық ойнына қатысты асықтарды     ойнағанды қалай атайтынын балалар біліп ойын әрі қарай жалғасты.

 4 тапсырма: Оқтау тарту
 Шарты: Әдемі оюланған түс киіздің  жан жағына бес алты жігіт отырады екі жігіт ортаға шығып    оқтау тартып берлілген белгіден кім асып кетсе сол жеңіледі ал алоқтауды тартып алған жігіт жеңіске жетеді.

 Сергіту сәтті : » Көңілді күн «
Білім ханшайымы: Өте жақсы көңілім бір көтерінкі болып қалды. Әрі қарай жалғастырамызба ?
  5 тапсырма: Кеңістікті бағдарлау
6 тапсырма: Қандай геометриялық пішіндер білесіндер? геометриялық пішіндерге қандай зат ұқсайды? атап шығу.
1 топқа төртбұрыш, 2 топқаүшбұрыш, 3 топқа дөңгелек.
Тәрбиеші: Балалар бір-бірімізге логикалық сұрақтар қойып бір серігіп қалайық. Сұрақ қойамыз ба?
-Менің атым Мирас Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Мирас
-Бөлмедегі әрбұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үшмысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
-Жүгіру жарысынан Имран, Ерік, Ерәлі үш орынды алды, егер: Ерік екінші орын алмаса, ал Ерәлі –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Имран, 2-Ерік, 3-Ерәлі
1-7 сандар: кері және тура санау. 3 тілде.
5 тапсырма:
1 топқа Суреттегі заттардың ең биігін, ең аласасын және ең аз шарды тауып. Оны боя.
  2 топқа Құстарды қанша екенін суреттің астына сәйкестендіріп сандар жапыстыру.
 2  5 6 34
3 топқа артық затты сыз.
   Білім ханшайымы: Өте жақсы .Енді қортыңдылап үш топтың смайликтерін санауды ұсынамын.
Барлықтарына көңілім толып жақсы әсер алдым. Сендер шыныменде өте ақылды парасатты, мейірімді, есептерді тез шығарып, зейінді балалар екенсіңдер. Сендерді сыйлықсыз қалдырмаймын бұл көңілді сабақ болған соң сендерге өз патшалығымнан сендерге сыйлықты жібердім әп сәтте әкелуі мүмкін. Сендер мен бірге күнім жақсы өтті. Қош сау болындар.
Тәрбиеші: Балалар сендерге бүгінгі біздің қызықты сабағымыз сендерге ұнадыма бізге кім би не қонырау шалды . Бір шолу жасайық. Қандай қызықты білім ханшайымның тапсырмалары естерінде қалды?
Өте жақсы. Келген қонақтармен қоштасайық.

Кемелова Гулжанат Таңсықбайқызы,
“Ертегілер әлемі” бөбекжай-балабақшасының әдіскері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...