Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!»

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілік-патриоттық, еңбексүйгіштікке, жақсылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
 Балалардың сөздік қорларын молайту, сөйлеуді қалыптастыра отырып, Отан туралы тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті, рәміздері, музыкалық аспаптар, құрал-жабдықтар туралы мәлімет беру, өзінің Отаны туралы білімдерін кеңейту.
Құрманғазы күйі орындалады, балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай қазақстандықтарым. Неге мен сендерге олай айттым, білесіңдер ме? Өйткені, кім Қазақстанда тұрады, бір сөзбен – қазақстандықтар деп аталады. Қолдарымызды ұстап, мақтанышпен айтамыз: «Біз – қазақстандықтармыз!»
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Ендеше біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын айтамыз.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Балалар мен тәрбиеші қосылып айтады.
Кейін балалар орындыққа отырады.
Ғажайып сәт: Топқа Алдар Көсе кіреді.
-Сәлемесіңдер ме, қонақтар, балалар! Мен сонау жерден сендердің Қазақстан Республикасының әнұранын орындап жатқандарынды естіп, қуанып, сіздерге келіп отырмын. Білесіңдер ме, менің неге қуанып жатқанымды? Өйткені сендер нағыз болашақ еліміздің патриотысындар! Сондықтан да, мен сіздерді менімен бірге Қазақ еліне саяхатқа шақырғалы отырмын. Барасындарма?
-Ия, барамыз!
-Саяхатқа немен баруға болады?
-Автобус,  машина, трамвай, пойыз, т.б.
-Ендеше біз сіздермен, пойызбен саяхатқа аттанамыз! Ол үшін бір-біріміздің артымызға тізіліп тұрамыз. (Осы жерде пойыз дыбысы шығады)
1 станция: «Көңілді сұрақтар»
-Балалар біз қай республикада тұрамыз?
-Қазақстан республикасында.
-Біздің астанамыз қай қала?
-Астана  қаласы.
-Біздің еліміздің тұңғыш Президент ікім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Қазіргі Президентімізді кім біледі?
-Қасым-Жомарт Тоқаев.
-Балалар, өзіміз тұратын мекенді тағы қалай  ?
-Отан. Атамекен. Туған жер.
-Балалар, кім Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып береді?
-Ту,Елтаңба,Әнұран.
-Еліміздің туының түсі қандай?
-Көгілдір түсті – аспан мен судың түсі
-Көк түс тазалықты белгілейді.
-Ортасында алтын күн- бейбітшілік күні.
Қыран құс –еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі. Биікте самғайды  және ұлттық ою бейнеленген.
-Елтаңбамыздың түсі қандай?
-Елтаңбамызда қазақтың қарашаңырағы-әрбір отбасының бірлігі, бейбітшілік шанырағын көтерген, күн сәулесіндей уықтар, екі жақтағы қанатты пырақтар (қос тұлпар)-адамның досы, және жоғарысында бес бұрышты жұлдыз  бен «Қазақстан» деген жазу бар.
-Жарайсыңдар! Ендеше орындарымызға отырып,  «Рәміздерінді тап»  атты дид. Ойынын ойнаймыз. Ойыншарты: рәміздердің ішінен Қазақстан Республикасының рәміздерін табу. (Игровизор арқылы)
Балалармен тағы да пойызға отырып, келесі станцияға барады.
2 станция: «Тақпақтар мен мақал-мәтелдер»
-Балалар, Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?
1-бала. Аилин
           Елтаңбасы елімнің
           Неткен әйбат, әдемі
           Тұнығындай  көңілдің
           Ортада аспан әлемі.
-Рахмет. Балалар, Қазақстан байрағы туралы кім тақпақ біледі?
 2-бала: Нуриман
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Ал, Әнұран туралы тақпақ білеміз бе?
 3-бала:  Балауса
 Әнұраны елімнің
Әнұраны халқымның
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
-Әнұранды қай жағдайда орындайды?
 -Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Жеңіске жеткенде орындалады.
  Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қоямыз.
-Отаным, елім туралы кім тақпақ айтып береді?
 1-бала. Еңлік
Ортақ бізге бір Отан
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
 2- бала. Нұрислам
Отан сенің ата-анаң
Отан досың, бауырын.
Отан өлкең, астанаң
Отан аудан, ауылың.
-Рахмет, Отанымызды, Туған жерімізді әдемі өлең жолдарымен айтып бердіңдер. –Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз.
-«Отан елдің анасы»
«Отан оттан да ыстық».
«Отанды сүю отбасынан басталады»
«Жері байдың елі бай.»
 -Балалар, сендер жақсы жұмыс істедіңдер, жарайсыңдар, енді біраз сергіп алайық:
Орнымыздан тұрайық.
Құсболып қанат қағайық.
Астананың төріндегі
 Бәйтерекке ұқсайық.
 3 станция: «Музыкалық аспаптар»
Бұл станцияда сіздер музыкалық аспаптардың ішінен ұлттық аспаптарды айыру.
Дид. ойын. «Аспапты құрастыр» Ойын шарты: берілген қиындылардан ұлттық музыкалық аспапты құрастыру. (Домбыра, сылдырмақ)
4 станция: «Ғимараттар мен ою өрнектердің бейнесін шығару»
Бұл станцияда біз сендермен қазақ халқының ою өрнектерімен және ғимараттары мен танысамыз. Балаларға киіз үй, ою өрнек,  ту, перамида көрсетіледі.

 5 станция: «Достық»
Бұл станцияда балалар топпен жұмыс жасайды, яғни, Қазақстан Республикасының картасына фетірден қиылған алақандарын жапыстырады.
-Жарайсыңдар балалар! Біз сіздермен көріп отырғандай Қазақстан елінде тек қана қазақтаремес, сонымен қатар, орыстар, ұйғырлар, татарлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Және олардың да Отандары – Қазақстан. Бәрімізге бір ортақ – Қазақстан.

Алдар Көсе мен тәрбиеші балаларды мадақтап, топқа оралады. Алдар Көсе сыйлық ретінде балаларға қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты сайға тартады. Балалармен қоштасады.
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларды мадақтап, оқу қызметін аяқтайды. Қонақтармен  қоштасады.
Мухаммедин Әйгерім Жайыққызы,
«Ертегілер әлемі» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...