Мақсаты: Балалар кітапханаға саяхат жасау барысында түрлі ертегі кітаптармен танысып,кітаптарды ұқыпты ұстауға уйрету. Ертегі кітаптармен танысып, кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
– ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
– ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
– қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
– Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
Ғажайып сәт:
Тәрбиеші: балаларды ертіп Кітапхана бұрышына ертіп келеді.
Кітапханашы:Сәлеметсіңдер ме, балалар,сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
– Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
– Төменнен іздеңдер, бар ма?
– Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында – а – а – а»
Балалар кітапханашы апайдың тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
– Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейікБалалар ертегілерден үзінді ойнап берсін – дейді.
Балалар кітап туралы мақал айтып береді.
Қазына
Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.
Аслима
Кітап — алтын қазына.
Айсұлтан
Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.
Бірінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісі.
Мақсаты: балалар өздері сахналық қойылым қойып ертегіні сомдап береді.
Ерте — ерте ертеде, шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпірге былай деді.
Мустафа(шал) : Кемпірім-ау, кемпірім-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Қазына(кемпір): Неден пісірейін? Көптен бері үйде ұн да жоқ.
Мустафа(шал): Ей, кемпірім-ай! Міне саған ақша, дүкенге барып, үнді сатып алып кел, содан бауырсақты пісір.
Адель (сиқыршы): Кемпір шалының айтқанын істейді: дүкенге барып үнді сатып алып келеді, оны қаймаққа илейді. Отын жағып, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге кіріседі. Бауырсақ, домалақ әрі сырты қызарынқырап әдемі болып піседі. Иісі мұрын жаралық. Шал оны бірден жеп көргісі келеді. Бірақ бауырсақ ыстық болған соң, кемпір оны терезеге қояды да, өздері ұйқыға жатады. Сол кезде ……
Алинұр(бауырсақ): Ой, мен қайдамын? (терезеге қарап) Мен өзі қандай әдемімін, өте сұлумын. Далаға барып бәріне мақтанып келейін.
Адель(сиқыршы): Солай бауырсақ далаға шығып кетеді. Даладан орманға домалап кетеді. Орманда әндетіп келе жатқанда, алдынан қояндар шығады.
Нұрсая (қоян): Мында қандай ғажап иіс. Мынау, бауырсақ қой. Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатырсың? Өзің сондай дәмді екенсің.
Алинұр (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Сондықтан ренжіме. (домалап кетеді)
Адель(сиқыршы): Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі, қоян оны дұрыс қарап та үлгірмей қалады. Бауырсақ жалғыз жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқырлар шығады.
Арсен(қасқыр): Мында қандай ғажап иіс, менің қарным ашып қалды. Ой, бауырсақ екен ғой. Бауырсақ, бауырсақ сен қандай әдемісің, домалақсың, мен сені жегім келіп тұр.
Алинұр(бауырсақ): Қасқыр жан, сен мені жеме, одан да мені тыңда. Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, мен қояннан да қашып кеттім, сеннен де қашып кетемін. (домалап кетеді)
Адель(сиқыршы): Осылай деп бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішінен домалап келе жатса алдынан балды жеп келе жатқан аюларды кездеседі.
Айсұлтан(аю): Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатсың?
Алинұр(бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Орманды аралап келе жатырмын.
Айсұлтан(аю): Бауырсақ, сен өте әдемі және мен сені жегім келіп тұр.
Алинұр(бауырсақ): Аюжан мен қояннан және қасқырдан да қашып кеттім, сондықтан сен де мені жей алмайсың. (домалап кетеді)
Адель(сиқыршы): Бауырсақ орман ішінен көбелекті ұстап алғысы келеді, бірақ көбелек одан ұшып жөнеледі. Сол кезде түлкі келеді.
Балайым(түлкі): Бауырсақ, сен қандай әдемісін, қандай тәттісін. Мен сені жигім келіп тұр.
Алинұр(бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. енді атама және апама баратын жолды таба алмай тұрмын.
Балайым(түлкі): Бауырсақ, ал сенің үйінде сен сияқты бауырсақ бар ма Менің қарным ашты.
Алинұр(бауырсақ): Иә, бар. Апам көп бауырсақ пісірді. Егер сен мені үйге апарып келсең, мен саған бауырсақ беремін.
Балайым(түлкі): Келістік. Қанеки жүре ғой.
Адель (сиқыршы): Осылай түлкі бауырсақты ұстап атасы мен апасының үйіне жол жүреді. Атасы мен апасынын үйіне келгенде, атасы мен апасы бауырсаққа қатты қуанады. Олар түлкіге рахметін айтып, үйге шай ішуге шақырады. Апасы дастарханға бауырсақтарды қояды. Олар осылай бәрі дос болады. Осымен ертегі аяқталды.