Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰШҚЫР ОЙ – АЛАҢЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰШҚЫР ОЙ – АЛАҢЫ

ҰШҚЫР ОЙ – АЛАҢЫ

Мақсаты; Балалардың сұрақтар, тапсырмалар арқылы ой өрісін жетілдіу. Логикалық қабілеттерін арттыру.Балалар топқа бөліну арқылы тапсырмаларды орындайды.
Ұйымдастыру кезеңі:
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті.
Шаттық шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Тату, тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Армысыңдар қонақтар!
Қош келдіңдер апайлар.
Алдарыңда балақай
Көрсетерміз сабақ – ай.
Балаларды екі топқа бөлеміз:«Алғырлар»және «Тапқырлар»тобы
 1-тапсырма«Жұмбақты шешу»
Екі топтан топбасшы сайлап алып,екі баланы тақтаға шақырамыз. Тақтада пішіндер тұрады, пішіндер астына жұмбар жасырылған. Балалар бір пішінді алып,жұмбақтардың шешуін табады.

 Жұмбақтар:
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Көктем
Суда мұзбар,
Жерде қар бар.
Боран борапсоғады,
Бұлқаймезгілболады?
 Қыс
 Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
(Күз )
 Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Жаз
 Екінші тапсырма:Үстел үсті дидактикалық ойындар.
Мақсаты: екі топтан кезекпен балаларды шақырып ойынды асық лақтыру арқылы, асық түсіне қарай жасырынған ұлттық құндылыққа байланысты тапсырмалар орындау.Жылдам орындаған балаға жұлдызша беріледі.

 Үшінші тапсырма: Асықтарды теңестіру.
Мақсаты: екі топ балаларына асық беріледі.Сол асықтарды түсіне қарай теңестіру қажет.Жеңіске жеткен топқа жұлдызша беріледі.

Төртінші тапсырма: Пазл құрастыру.
Мақсаты: Екі топқа ұлттық құндылыққа байланысты суреттердің бөліктері беріледі. Қай топ жылдамдықпен сурет бөліктерін құрастырса, сол топқа жұлдызша беріледі.

Сергіту сәті
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Баланүйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Бесінші тапсырма: Сандар ойыны.
Мақсаты: Тәрбиеші екі қатар орындыққа сандар жабыстырып, екі топтан бала шақырады. Тәрбиеші бір санды  көрсетеді. қай бала жылдам санды тауып орындыққа отырса сол топ баласы жұлдызшаға ие болады.

Қорытынды «Алғырлар» мен «Тапқырлар»тапсырмалар бойы жинаған жұлдызшаларын санаймыз. Қай топта жұлдызша көп болса, сол топ жеңіске жетіп, марапатталады.
Шалабаева Замира Бегайдарқызы,
«Ертегілер әлемі» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-нің тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...