Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ

Мақсаты: Баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.Ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттыру,балаларын мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
 Психолог: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішпейіл мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелеу отырып,жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сыйлау қажеттілігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының жеке қасиеті қалыптасады.
 Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Кіріспе
1.Танысу жаттығуы
  1. «Қазақи нақыштағы аспаптар және әшекей бұйымдардың жұбын тап» ойыны
  2. «Ою-өрнекті қимылмен жаса» сергіту сәтті
  3. «Стакан» ойыны
1.Танысу жаттығуы
Есімдер аллитерациясы
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді- Сайерамын
Мен гүлдей- Гүлнармын
  1. «Қазақи нақыштағы аспаптар және әшекей бұйымдардың жұбын тап» ойыны
Мақсаты:Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ептілікке үйретеді жәнеде ата-аналарды аңғарымпаздыққа байқағыштыққа үйретеді. Ата-аналарды ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамытады.
Психолог: ойын шартын түсіндіреді ортаға алты ата-ананы шығарып екі топқа бөлеміз, үш-үшеуден бөлініп бірінші топ аналар қазақи нақыштағы аспаптармен ал, екінші топ аналар қазақша әшекей буымдармен танысады. Яғни, ойын ойнау арқылы баланың қиялын, ойлауын дамиды. Балдардың аспаптарды және де әшекей бұйымдарды көзбен көру арқылы есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында ойнатылады. Қай топ жеңіске жетсе марапатталады.

  1. «Ою-өрнекті қимылмен жаса»
Мақсаты: Қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі. Топ мүшелері бір-бірлері туралы толығырақ біле бастайды,бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарады, көңіл күйлері көтеріледі.Топ мүшелері өздерін еркін сезінеді.
Ойын барысы: Ата-аналарға әуен қойылады ерке сылқым әуеніне ата-аналар суретте көрсетілген оюларды қимыл арқылы көрсетеді.

  1. «Стакандар» әдісі
 Мақсаты: Шапшаңдыққа,жылдамдыққа үйретеді. Қимыл қозғалыс ойындарыныңбала өмірінеде маңызы зор,өйткені ол баланың қоршаған ортаны білуі мен ұғынуының таптырмас құралы іспеттес.

Қорытынды
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.Балалармен әнгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой,  «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демемекші ата-ана тәрбиесі бала өміріне үлкен із қалдырады.
Имамадинова Сайера Низамидинқызы,
«Ертегілер әлемі» бөбекжай-балабақшасының психологы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...