Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАНКОМАТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАНКОМАТ

БАНКОМАТ

Мақсаты: Балаларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау. Балалардың қаржылық сауаттылығын дамыту, ақша жайлы түсінік беру. Ірі және ұсақ ақшалардың айырмашылығын үйрету.

Балаларды үш топқа бөлу. «Теңге», «доллар», «евро».
Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын. Оқушылар 15 қараша қандай күн? Білесіздер ме? 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Олай болса бүгінгі біздің  балаларды 3 топқа бөлініп, бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз.

1-топ «Теңге» – «Планшет ойыны»;
 2-топ «Доллар» – «Банкомат ойыны»;
 3-топ «Евро» – «Телефон ойыны».
І-деңгейдегі тапсырма
Плпншет ойыны :
Шарты : Балалар тәрбиешінің көрсеткен суретіне сәйкес планшетке геометриялық фигуралардың суретін түсіру, сол арқылы балалардың білімін тексеру.
ІІ-деңгейдегі тапсырма
Банкомат ойыны :
Шарты : Кілемшедегі тиындардан секіріп өтіп банкоматтан ,карточканы салу арқылы ақшаны шешіп алу.Балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету,жылдамдығын тексекру,қол маторикасын дамыту,
ІІI-деңгейдегі тапсырма
Телефон ойыны:
Шарты: Ұялы телефонның артына асықтардың суреті жасырылған, сол суретті түсіне сәйкес екінші сыңарын табу. Балалардың танымдық қабілетін дамыту , жылдамдығын тексеру,балалардың зейінін бір жерге шоғырландыру.

Сауалнама:
Ұлттық теңге жайлы не білдік?
1993 жылы Ұлттық теңге айналымға еңгізілді
15 қараша ұлттық теңге күні
Ақша дегеніміз – айырбас құралы
«Теңге», «Доллар», «Евро» топтары белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хатытарымен марапатталады.
Дәстүрден тыс сурет салу әдісі.

Қорытынды сөз:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіненбіз ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, оның төл авторларының өмір-тынысымен, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер келтіре отырып, көптеген деректерге қанық болдыңыздар. 15 қараша ұлттық валюта теңге күні баршаңызға құтты болсын деген тілекпен біз бүгінгі «Банкомат» тақырыбын аяқтаймыз, қатысқан барлық балаларға алғысымызды білдіреміз.
Жадыра Есеновна,
«Ертегілер әлемі» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...