Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ

БАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Сурет салу»
Мақсаты: Балықтардың түрлерімен, құрлымымен таныстыру. Түр-түсін ажырату. Штамп арқылы сурет салу.
Міндеттері: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету. Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Эстетикалық талғам, қозғалыстың дәлдігіне тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Қағаз, түрлі-түсті бояулар, су, балықтардың суреттері, бейне-таспа, балықтың макеті, қылқалам, штамп.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру,  жұмбақ, дидактикалық ойын, көрнекіліктер көрсету.
Билингвалдық компонент: Балық-рыба, плавник- жүзу қанаты, чешуя- қабыршық.
  1. Кіріспе
Тәрбиешінің әрекеті: Жылулық шеңбері
Жарқырап күн ашылды.
Айнала нұр шашылды.
Біз сүйкімді баламыз.
Біз көңілді баламыз.
Мұғалімнің айтқанын орындайды.
  1. Негізгі.
Педагогтың балалармен әңгімелесу. Орамалдың астында жасырылған нәрсені табындар.
Жұмбақ жасыру. Суда өседі, өнеді.
Сыртқа шықса өледі.
Жер етіне шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді?      Балық.
Балықты зерттеу. Сопақша денесі, басы, көздері, құйрығы, жүзу қанаттары, қабыршықтары. Балық қайда мекендейді? Суда, көлде, теңізде, мұхитта, өзенде.
– Балалар, сендер біздің еліздің қандай теңіз, көл, өзендерді білесіңдер?  Фотослайдтарды көрсетіп, атап шығу.
– Павлодар өңірінде ше? Ертіс, Сабындыкөл, Жасыбай.
– Балалар, біз бұл өзенді, көлдерді ластамай таза ұстауымыз керек, қорғауымыз керек. Осы елде тұратын Айсұлу есімді қыз көмек сұрап келіпті бізден. Ертіс өзеніндегі балықтар азайып кетіпті. Оған балықтардың суретін салып беріп, өзенді толтырайықшы, балалар.
Алдымен балықтар туралы бейне таспа көріп алайық.
Бүгінгі балықтарды біз штамп арқылы саламыз. Ең бірінші  балықтың денесін дайын штамппен басамыз қағаздың бетіне. Содан кейін қылқаламмен жүзу қанаттарын, көзін саламыз. Су астындағы балдырларды саламыз.
Сергіту сәті:
Балық жүзді таза суда,
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Бір керіліп, бір жиырылуда
Тығылады тасты құмға.
Дидактикалық ойын.
Сиқырлы қап ойынын ойнаймыз. Қаптың ішінен қолға түскенді алып шығамыз, оның қайда мекендейтінің анықтаймыз. Суда мекендесе аквариумға саламыз. Қалғандарын жерде қалдырамыз.
3.Қорытынды. Балалар салған суреттерін ортаға әкеліп көлдің үстіне бекітеді. Әр бала өзінің жұмысы жайлы айтып береді.
Балалар, Жасыбай батырымыздың көлі балыққа толып, ол сендерге риза болды, рахметін айтады.
Бүгін біз ненің суретін салдық?
Қандай әдіспен салдық?
Сендерге ұнады ма бүгінгі сабақ?
Жасыбай батыр көмектескендерің үшін сендерге балық-магнит сыйлайды.
Рахмет, балалар. Сау болыңдар.
Ж.КӘРІБАЕВА,
«Ғани-Инабат балабақшасының меңгерушісі.  
  А.АБДУМАНАПОВА,
«Ғани-Инабат балабақшасының тәрбиешісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...

Ұлттық ойындар

Ата-ана қатысуымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Дағдылар: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту», ...

КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен ...

ОТАНДЫ СҮЮ-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

        ...