2020 жылдың 25 қарашасы, сәрсенбіде бүкіләлемдік гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік атты науқан басталады. Бүгінде Қазақстандағы АҚШ өкілдігі гендерлік зорлық-зомбылықтың зілбатпан салдары туралы хабардар ету үшін және қазақстандық рольдік үлгілер, ықпал етушілер, адвокаттар мен қызмет көрсетушілер осы маңызды мәселе бойынша сөйлесін деп оларға алаң ұсынып, әлеуметтік белсенділіктің 16 күндік акциясын бастайды.Әлеуметтік желідегі науқанмен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымының “2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатамыз” атты компаниясын қолдап, оның “Әлемді қызғылт сары етейік: Қаржыландыру, Жауап беру, Алдын-алу, Жинау!” деген жаһандық тақырыбына сай Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі өз ғимаратының сыртына 16 күн бойы кешкі уақытта қызғылт сары түсті жарық қосады.
Жергілікті билік пен республикалық үкімет COVID-19 пандемиясын жою үшін маңызды шараларды қабылдағанымен, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың үрейлі өршуі туралы Қазақстандағы полиция мен БАҚ хабарлаған оқиғалар көбейгені байқалады. Америка Құрама Штаттары COVID-19 әлемдегі барлық әйелдерге, олардың әл-ауқатына әсер еткенін мойындайды.
Біз осы науқанда даусы маңызды қазақстандықтармен серіктес болғандығымызды мақтан тұтамыз. Жеке тұлғалар мен ұйымдар науқанның мақсатына қарай, яғни, Қазақстанда хабардарлықты арттыру және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын-алуда барлық адамдар маңызды рөл атқара алатындығын еске салуға негізделіп, шақырылды.
Біздің бірінші чемпионымыз – Нина Балабаева. АҚШ Мемлекеттік департаменті оның адам саудасына (TIP) қарсы қызмет ету саласындағы жұмысын мойындаған және ол Адам саудасы туралы баяндаманың кейіпкері ретінде Заманауи құлдықты тоқтатуды жақтайтын қаһарман сыйлығын алған. Осындай кейіпкерлер туралы көбірек білу үшін және өзіңіз де қалай көмектесе алатыныңызды білу үшін парақшаларымызды күнділікті қарауға шақырамыз.
Аталмыш науқан АҚШ-тың Алматыдағы Бас Консулдығының – @uscgalmaty (Facebook, Instagram, Twitter) және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің – @usinkz (Instagram), @usembassy.nursultan (Facebook), @USembassyKAZ (Twitter) парақшаларында өткізіледі.
Қолданатын хэштегтер:
-
#16daysKZ
-
#16days #16дней #16күн
-
#GenerationEquality #ПоколениеРавенства
-
#НетНасилию #ЗорлыққаЖолЖоқ
-
#OrangetheWorld #СделаемМирОранжевым
-
#16DaysCampaign
-
#EndGBV
-
#StandUp4HumanRights