БІРТҰТАС ТӘРБИЕГЕ НЕГІЗДЕЛІП ӨТКІЗІЛГЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам
02/12/2024
25 Views
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар мен таныстыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту, шапшаңдыққа алғырлыққа дағдыландыру.
Ұйымдастырылған іс-әрекетін бастамас бұрын балалар мен шаттық шеңберін жасап алдық. Шаттық шеңберін жасап болған соң балалар орындарына жайғасты. Көненің көзі ақ жаулықты әжемізді шақырып, топтағы қыздар мен киіз басу өнерін үйрендік. Киіз басу – дәстүрлі қазақы ортада дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процесстері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.
Киіз басу ісі киізді басуға қажетті жүнді дайындау жұмыс тарынан басталады. Дайындық жасау 3 сатыдан тұрады.
Бірінші сатысы – қырқылатын қой-қозыларды тоғыту. Бұл – қырқымның алдында міндетті түрде атқарылатын жұмыс. Яғни, алуға қажетті күзем жүн (күзгі жүн) алу үшін денесіне жаз бойы шаң-тозаң жинаған қой-қозыларды өзенге апарып, суға тоғытады.
Екінші саты – қой қырқымы (қой жүнін қырқу) басталады. Жүн қырқу барысында жүннің ақ, қара, кер қызыл түстері бөлек-бөлек жиналады, қылшықты, салалы, қысқа, бауыр жүндер сұрыпталады.
Үшінші саты – жүн сабау. Қырқылған, сұрыпталған жүннен бұйым жасау үшін тазалап және қопсытып алу қажет. Жүннің іртігін жазу, шөп-шаламын тазарту, құмалағын түсіру, үлпілдету үшін жүнді сабау тәсілі қолданылады.
Сергіту сәтіне балалар «Қара жорға» биін биледі.Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген салу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi.
Топтағы ұл балалармен қазақтың ұлттық ойыны көқпарды онадық. Көкпар үлкенді-кішілі той-мерекенің барлығында өткізіледі. Тек қуанышты сәттерге байланысты өткізілетін ғұрыптық ойын болғандықтан, ас беру сияқты ұлы жиын кезінде көкпар тартылмайды. Көшпелілер өмірінде көкпардың мақсаты жігіттерді шынықтыру, батылдыққа, ептілік пен қажырлылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және осы арқылы әскери өнерге баулу болған. Мұндай ойындар қатарына сайыс ойынын жатқызуға болады. Қазақы ортада көкпар – ойынның қызығы, тойдың тұздығы, жігіттің сыны, елдің намысы болып саналған.
Көкпар тарту үшін тек қана ешкі түлігі (серкеш, лақ) беріледі және ойынның атына сай тартылатын малдың түсі де көбінесе көктен таңдалды.
Қортынды: Балалар ұлттық құндылықтармен танысты, көкпар ойнап, қара жорға би биледі, балалар жақсы көңіл-күйде болды.
Фарида ДАУЛЕТОВА,
“Сәби әлемі» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-ның тәрбиешісі.
Алмалы ауылы, Жетісай ауданы.
2024-12-02