Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«ЖАНАСЫЛ» КҮНІНЕ 180 ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ШЫҒАРУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » «ЖАНАСЫЛ» КҮНІНЕ 180 ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ШЫҒАРУДА

«ЖАНАСЫЛ» КҮНІНЕ 180 ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ШЫҒАРУДА

         Жақында Мақтаарал ауданында жылына орта есеппен 80 мың тонна мақта талшығын өндіруге қауқарлы «Жанасыл» зауыты ресми түрде іске қосылды. Индустриалды аймақтың 6 гектарында  орналасқан кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна мақтаны өңдеп, күніне 180 тонна мақта талшығын шығаруда.
        Мақтаарал ауданы үшін маңызы ерекше осы салтанатты іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, өндіріс орнының ашылуымен аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтады.
         «Ауданымыздың даму стратегиясында инвестициялық жобаларға басымдық беріп отырмыз. 2024-2030 жылдарға жалпы құны  94,1 млрд. теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде мақта-тоқыма кластерін дамытуда жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы арқылы 3020 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке қосымша 1 млрд. 862 млн. теңге салықтық түсімдер түседі деп болжануда. Бүгінгі ашылып отырған зауыт – сол жобаларымыздың бірі. Ендеше, жаңа өндіріс орнының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз бай және бақуатты бола берсін!» – деді Бақыт Насырханұлы. Сондай-ақ зауыттың ашылу салтанатында еңбек ардагері, мақта саласының  білікті маманы Ережеп Қанаев ақсақал да сөз сөйлеп, ауылға сонау Алматы қаласынан келіп,  батыл түрде  2,5 млрд. теңге инвестиция құйып,  мақта өңдеу  зуытын салған  кәсіпкер Жұман Қалелге аудан халқының атынан алғыс айтып,  жұмысына сәттілік тіледі.
         Халықаралық дәрежедегі  экономист  сарапшы  Мақсат Халық: «Бұл жаңа  кәсіпорын  қазірдің  өзінде  өңірлік  жалпы ішкі  өнімді екі пайызға  өсіріп отыр.  Енді тұқымдық шит сапасын  жақсартуға әрекет етуде. Тамшылатып суару әдісін  ендіру үшін таспа шығаруды  қолға алды.  Өндіріс орнының  келешегі зор»,-деді.
            Осы шараға қатысқан облыстық мәслихаттың  депутаты,  кәсіпкер  Жарқынбек Қанаев Мырзашөл өңіріне мол инвестиция құйып, үлкен жобаны іске асырып отырған  құрылтайшы  Жұман  Қалел биыл мақта шикізатын осы өңір  бойынша жоғары бағамен  сатып алып, мақташыларға  қолдау жасағаныны үшін  ризашылығын білдірді.
         Бұл зауыттың құрылтайшысы, танымал кәсіпкер Жұман Қалел журналистерге берген сұхбатында: «Зауыт құрылысын 2021 жылы  мамыр айында бастап, 2022 жылдың соңында пайдалануға бердік.  Өткен жылы 21 мың тонна мақта қабылдасақ, биыл оны 41 мың тоннаға жеткіздік. Қытай елінің заманауи жаңа технологиясымен жабдықталған өндіріс орнында  дайындалған  талшық сапасы  өте  жақсы.  Оны  автоматты  түрде  қалың пленкамен  қаптап, сатуға дайындап жатырмыз. Біздің зауыттың  Мақтаарал, Жетісай аудандарында 13 мақта қабылдау бекеті бар.  Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, шитін, линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттауда. Аталған зауыт жанынан тамшылатып суару таспасын шығаратын және мақта тұқымын өндіретін екі өндіріс орнының құрылысы да жүріп жатыр»,-деді.
         Бүгінде диқандар  үшін аса қажет тамшылатып суару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 млрд. теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын болады. Ал, мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 млрд. теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған екі жобаны да 2025 жылы іске қосу жоспарлануда екен.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЙЛАЙЫҚ ТА, ОЙНАЙЫҚ

Мақсаты: Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, ...

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...

СИҚЫРЛЫ ПІШІНДЕР

Б/М: Мақсаты: Балаларға өздеріне ...

АЛТЫН КҮЗ

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ...

МЕРЕКЕЛІК ШАРА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

        ...

МАҚТАЛЫ АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 32,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН

        ...

АДАСҚАН КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

Мақсаты: Балаларды өтілген әріптерді ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мақсаты:  Ұлттық құндылықтар туралы  ...

ӨРНЕК ӘЖЕГЕ ҚОНАҚҚА БАРАМЫЗ

Мақсаты: Ою-өрнек туралы мағлұмат ...

«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНУДА

Мақтаарал ауданының диқандары «Алтвн ...