ҰЖЫМДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ НЫҒАЙТУ
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Қоғам, Маман кеңесі, Пайдалы кеңестер
10/12/2024
12 Views
Мақсаты: мұғалімдерді өз-өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым-қатынасын нығайту,ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.
Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, интерактивті тақта, түрлі-түсті бояулар, жопон әліппесі.
Тренинг барысы
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме! Құрметті әріптестер, бүгін сіздерді психологиялық көңіл күйлеріңізді көтеруге, өз шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға «Ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту» тақырыбындағы тренинг сабақта ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1.Сәлемдесу «Көрші» жаттығуы.
(Мұғалімдер қимыл қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
-
«Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.
Мақсаты: мұғалімдер жобалық тест арқылы өздерінің мінез-құлықтары мен жекелік қасиеттерін біле алады.
Нұсқау: 4А форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.
Болған соң салынған суретіне қарай талданады.
Сурет салу: тау, үй, ағаш, жол, сақина
Тау– дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш,. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш,тік мінезді. Егер аралас салынса басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй– Суретте ағаш үй салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын өсекқұмар адам.
Ағаш- біреу болса өзінің жолдасына ұнайды.Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса,сұлулыққа соншалықты құмар.
Жол- үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.
Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
-
«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы.
Нұсқау: Мұғалімдерге қағаз таратылады. Мұғалімдер әр қатарға өздеріне ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет-ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екенін анықтау.
Қорытынды:
1.Мені жұрт … деп ойлайды.
2.Мені …деп ойласа екен деп ойлаймын.
3.Дәл өзім …
4.Мен жұмыста…
5.Жолдасыңыздың алдында …
6.Негізі…
-
«Жер сілкінісі» ойыны.
Нұсқау: Дөңгелене тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша «үй» дегенде екі-екеуден екі қолын көтеріп, түйістіріп,шатырға ұқсап тұра қалады. «Адам» дегенде, үшеуден тұрады, екеуі шатыр, біреуі сол шатырдың астына барып тұра қалады. «Жер сілкінісі» дегенде барлығы жан жаққа қаша жөнеледі. Жалғыз қалған оқушы жүргізушінің ролінде болады.
Топтық жұмыс.
-
«Менің балалық шағым», «Менің алғашқы ұстазым», «Менің ең қиын оқушым» жаттығуы.
Нұсқаулық: «Сіздердің алдарыңыздақорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет.
Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық рефлексиялық қабілетін дамыту, жеке тәрбиелік әсер етулерін бағалау және талдау.
Нұсқаулық: қатысушылардан балалық шағындағы ең қызықты және қайғылы оқиғаларын естеріне түсірулерін ұсынады. Мұғалім балалық шағында эмоционалдық травма алып, эмоциясын сыртқа шығара алмаған болса,онда ол жағдай оның балалармен қарым-қатынасына әсер етеді. Мұғалім балалық шағындағы күйзелістерін сыртқа шығарып , топ мүшелерінен қолдау көрсе, онда ол балалық шағының жан қиналатын естеліктерінен арылады.
«Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы.
Мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық рефлексиялық қабілетін дамыту, тәрбиелік әсер етулерін бағалау және талдау.
Нұсқау: өздерінің алғашқы ұстаздарын еске алуды ұсынады. Оның балаларға қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру мәнері, оқушылар жұмысын қалай бағалауы, сыныптағы ахуалқандай болғанын естеріне алу қажет.
Жаттығудың тиімділігін жоғарылату үшін оларға өз тәжірибесінде кездестірген алғашқы ұстазына ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан жақсырақ, әділдірек болғысы келетіні жайлы пікірлерін сұрауға болады.
«Менің ең қиын оқушым» жаттығуы
Мақсаты: мұғалім бойында балаға деген жағымды эмоционалдықатынасын дамыту, қиын балалармен қарым-қатынаста тәжірибе алмасу.
Нұсқау: Өздерінің тәжірибесінде кездескен бір оқушы жайлы оның түр- әлпетін, өзін сабақта қалай қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т.с.с. жайыттарды баяндап беру тапсырылады. Мұғалім оған әсер ету үшін қандай амалдар қолданғанын суреттеуі керек. Топ мүшелері өздерінің тәжірибесін пайдалана отырып, ол балаға әсер етудің тиімді тәсілдерін табуға көмек береді.
Талдау: Өздеріңізді қалай сезінудесіз?
-
«Нұрлы жүрек» жаттығуы. Ұстаздармен сұқбаттасу.
Мен сіздерге бірнеше сұрақ беремін:
1.Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?
2.Сіздің қызығушылығыңыз қандай?
3.Ең сүйікті мейрамыңызқанай?
4.Өз мамандығыңыз сізге ұнай ма?
5.Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
6.Мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңңз?
7.Оқушы бойынан қандай қасиет көргіз келеду
8.Сізге ұнамайтын үйірмелер барма
9.Сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз
Шараның қорытынды бөлімінде қатысушылардың бүгінгі өтілген іс-шарадан алған әсерлері тексеріледі, қажеттілік туындаса оларға пайдалы кеңестер беріледі.
Шара МУРАТОВА,
№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы.
2024-12-10