Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ИНФОРМАТИКА-ФИЗИКА БІРЛЕСТІГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ИНФОРМАТИКА-ФИЗИКА БІРЛЕСТІГІ

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ИНФОРМАТИКА-ФИЗИКА БІРЛЕСТІГІ

              Бірлестік – жеке адамның емес, ортақ күштің нәтижесі. Ұстаздар қауымы бірлесіп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларға білім мен тәрбие береді. Мұғалімдердің ынтымақтастығы ортақ мақсатқа жетудегі ұжымдық күш-жігері олардың кәсіби жетістіктеріне жол ашады. Ортақ мақсатқа, идеяларға және құндылықтарға негізделген адамдар тобы бірлестікті құрайды. Педагогтар арасында бірлестік құру, білім беру саласындағы тәжірибе мен білімді бөлісу, инновациялық әдістерді енгізу, сондай-ақ кәсіби даму мен қолдау көрсету үшін маңызды.
          Бірлестік беделі – бұл мұғалімдердің өз жұмысына деген жауапкершілігі, олардың білім беру процесіндегі рөлі мен кәсіби деңгейінің көрсеткіші.
         Педагогикалық бірлестіктің білім алмасу, кәсіби даму, инновацияларды енгізу, жобалар мен іс-шаралар ұйымдастыру, қолдау көрсету негізгі мақсаттары ретінде жүзеге асырылып келеді.
          Осы мақсаттарды ұстанған № 10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика-информатика бірлестігі «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген ұранмен жұмыс жасап, «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығында  біршама жетістіктерге қол жеткізді. Айтап айтар болсақ:
  1. «Педагогикалық идеялар -2024» ұстаздар арасындағы сайыстың аудандық кезеңінде физика пәнінің мұғалімі Алимханова А. 2-орын иеленсе, информатика пәнінің мұғалімі Алимбеков Бекболат олыстық кезеңінде  жүлделі 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
  2. 7-8-сынып оқушыларына арналған Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінде физика пәнінен 1-орын, информатика пәнінен 2-орындарды иеленді.
  3. «ALTYN QURAN – ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ» зияткерлік олимпиадасында 2-11-сыныптар аралығында информатика және физика пәндерінен бас жүлде 5 оқушы, 1-орын 8 оқушы, 2-орын 14 оқушы, 3-орын 20 оқушы жүлделі орындарды иеленді.
  4. 2-7-сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсында информатика және физика пәндерінен 2 оқушы 2-орын иеленді.
  5. Командалық «KazRobSport» робототехника республика чемпионаты сайысының аудандық кезеңінде 1-орын иеленді.
  6. «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында физика-информатика пәндері бойынша 25 оқушы 1,2,3 жүлделі орындарды иеленіп, ұстаздардың мерейін арттырды.
         Ұстаздық жолында әрбір мұғалім өздерінің жетістіктерін, оқушылардың жетістіктерімен бірге саралап, бірігіп жұмыс істей білсе, білім саласындағы барлық қиындықтарды жеңіп шыға алады деп сенеміз.
        Ұстаздар қауымына ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге толағай табыстар мен ел еңсесін тік көтертер тұлға болар шәкірттерді тәрбиелеуде талмас қанат, қажырлы еңбек тілеймін.
Бектибаева Зульфия Елтияровна,
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Біздің мектебімізден түлеп ұшқан ...

БІРТҰТАС ТӘРБИЕГЕ НЕГІЗДЕЛІП ӨТКІЗІЛГЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға ...

БАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық» ...

БАНКОМАТ

Мақсаты: Балаларға ұлттық валютамыз ...

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ

Мақсаты: Баланың дамуына,жеке тұлға ...

ҰШҚЫР ОЙ – АЛАҢЫ

Мақсаты; Балалардың сұрақтар, тапсырмалар ...

Балалар кітапхана жобасы

Мақсаты: Балалар кітапханаға саяхат ...

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілік-патриоттық, еңбексүйгіштікке, ...

ОЙЛАЙЫҚ ТА, ОЙНАЙЫҚ

Мақсаты: Геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, ...

СИҚЫРЛЫ САНДАР

Мақсаты:  1 – 5 ...