ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – МӘДЕНИЕТТІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Білім саласы, Қоғам, Мерекелік шара
11/12/2024
5 Views
Құрметті әріптестер!
Әлеуметтік желі пайдаланушылары!
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – жер жәннәті Жетісай тұрғындары жыл бойында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.
Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.
Біздің айналамыздағы игіліктер адамдар үшін жасалған. Тазалық – біз үшін басты құндылық.
«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы.
Ұлы жол – алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында аулдың көркі болған мектебімізді таза ұстау ұстаздар мен оқушылар атсалысады деп сенеміз.
Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде, мөлтек аудандарда жүзеге асыруға, қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз.
Тазалық – біз бен Сізден басталады!
Шойбеков Бектурсун Смаилович,
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
2024-12-11