ЖАСӨСПІРІМ АРАСЫНДАҒЫ АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ЫҚПАЛЫ МЕН ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
11/12/2024
5 Views
Жуырда №39 “Асықата” жалпы білім беретін мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесінің педагог – психологтары Жаңабай Мамасерипов пен Дуйсенай Жубатхановалармен біргелікте аудан бойынша білім беру ұйымдарының педагог-психологтардың қатысуымен аудан көлемінде «Жасөспірім арасындағы аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алуда психологиялық диагностиканың ықпалы мен пайдалану тәсілдері» атты тақырыпта семинар сабақ өткіздік.
Бұл шараның мақсаты: жасөспірімдерінің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, бала мен ата – ана арасындағы қарым – қатынасты жақсарту , Ата – ана арасындағы бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты міндеттерін күшейту , отбасында бақытты өмір сүруге , баланың жеке қасиеттерін білуге ақпарат беру болды.
Семинар барысында аталмыш тақырыпқа сай диагностика, трениг сабақтар жүргізілді, аудан мектептерінен келген мамандар өз тәжірибелермен бөлісті.
Қарақас ИБАДУЛЛАЕВА,
Түркістан облыстық Жетісай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кәбинетінің психологиялық қызмет бойынша әдіскері.
2024-12-11