Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!

         Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. 
     Ата бабаларын, тәуелсіздік жолында күрескен аға апаларын құрмет тұтуға, мақтан тұтуға, өз елін, жерін қорғайтын ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін ояту, елжандылық рухқа баулу, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
    Қазақтың атақты адамдары туралы біліктерін, танымдарын кеңейту, өлең айту, би билеу, өлеңді мәнерлеп оқу қабілеттерін ашу арқылы шығармашылық, өнерпаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекілік: «Тәуелсіздікке 33 жыл» стенд, слайдтар, нақыл сөздер,  шарлар мен жалаушалармен  безендірілген акт залы.
Әдісі: әдеби-музыкалық монтаж,
Барысы. 
Кіріспе сөз.
Жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін, кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
  •  Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 33 жыл толып отыр. Мереке құтты болсын!
Осыған байланысты бүгінгі «Тәуелсіздік -тұғырым!» атты тәрбие сағатына  қош келіпсіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызда  егеменді еліміздің өткен шағы мен осы шағына, яғни  «Тәуелсіздік толғауларына» көз жүгіртіп, құлақ түреміз.
Шарықта, шарла көкте көк байрағым,
Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.
ҚР әнұраны орындалады.
Жүргізуші:  «Жылдар сөйлейді»  оқушылар қолында елеулі жылдар жазылған қима қағаз. бір-бірлеп шығып, оқиғамен кезекпен таныстырып тұрады. Сахна ортасындағы стендке жылдарың баспалдақ түрінде іліп тұрады. Ең биік шыңда ТУ, Шұғылалы күн, Қыран бейнесі тұрады.
Жүргізуші: 1723-1725 жылдар –  Ақтабан шұбырынды 
Оқушылар: 
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ құрбан кеткен.
Солардың құдіретті ой – арманы,
Таң боп тәуелсіздік бізге жеткен
«Жау жүрек мың бала» кинофильміне үзінді көрсету. (Сартайдың сарбаздардан қол жинау сәтінен көріністі көрсету)
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып,
                       Атам қазақтың абыройын сақтайық.           (Төле би)
Жүргізуші:
1941-1945 жылдар  – Ұлы Отан соғысы.
Оқушылар: 
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс! Болмасын соғыс!  Болмасын!
Жүргізуші:
1986 жыл –  Желтоқсан оқиғасы – біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
Оқушылар: 
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
  Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» толғау-өлеңіне  бейнеролик көрсету.
Жүргізуші:
1991 жылы 29-тамызда –  Семей полигоны  жабылды.    
                   Оқушылар: 
                        Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
«Невада-Семей» ядролық палигонының жабылуы туралы бейнеролик көрсету.
2-жүргізуші:
      Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейікші.
1991 жылы 1-желтоқсанда  – еліміздің  түңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.        
   Тоқсан бірде Президентті сайладық,
        Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
          Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
Тұңғыш президентті сайлау туралы бейнероликтен үзінді көру.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн – Тәуелсіздік күні.      
                                  Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Тәуелсіздік туралы бейнроликтен үзінді
1992 жылы 2-наурызда  – ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
1992 жылы  4-маусымда  – ҚР-ның  мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Ел ұраны, Елтаңбасы,
Елдің туы – көк жалауы.
Бәрімізге рух береді,
Қазақ елі рәміздері.
Слайдтан Рәміздер суреттері көрінеді
1993 жылы 15-қарашада –  мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.
Дүние, дөңгелеудей дөңгеледің.
Өзі тауып жатады ел керегін.
Қазақ, қазақ болғалы қолға ұстаған
Құтты болсын ағайын,
33 жыл толуымен теңгелерің!
Слайдтан Ұлттық валютамыз теңгенің суреттері көрінеді
 1995 жыл 30 тамыз  – ҚР – ның жаңа Конституциясы қабылданды.
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
1-жүргізуші: – Міне, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерін саралап, қорытындыласақ,   «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең – байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз.
2-жүргізуші: – Ендігі кезекті Тәуелсіздігіміздің 33 жылдық мерейтойына арнаған оқушылардың ән-шашуына кезек берсек.
Ән:   «Туған жер»
Би:  «Флешмоб –Мен қазақпын»
Жүргізуші:
Тәуелсіздік, бабалардың ұраны,
Тәуелсіздік, бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар болып жанып қалған шырағы.
    Ән:   «Қазақстаным»    
Мың өліп, мың тірілген қаһарман ұлт – қазағым,
 Аз ба сенің өткерген адам төзбес азабың.
Өткеніңе үңіліп, бүгініңе көз тастап,
Тарих бетін ақтарсам мұң шертеді азалы үн.
Ән:   «Тәуелсіздік толғауы»
«Туған өлкем»
Би: «Қазақша би»
    ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
33 жасың құтты болсын нұр елім.
33 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім!
Ән:    хор «Атамекен»
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік -тұғырым!»   атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Мәңгілік Қазақтың Перзенті деген ой толғауында – «Басты игілігіміз біздің қасиетті де лайықты еліміз – Мәңгілік Ел», – екенін естен шығармауға тиіспіз.
        8.Қорыту. Міне, биыл тәуелсіздік алғанымызға 33 жыл толып отыр. Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізудеміз. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын қыстау даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да Тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше,бағасы теңдессіз. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан да биік болсын!-деп тәрбие сағатымызға қатысқан оқушыларымызға Тәуелсіздігіміздің маңызын жан-жақты түсіндірдік.
Актоты АМИРОВА, Салтанат МАМЫТОВА, Роза ПАРМАНКУЛОВА, Кулжахан ШАРАПОВА, Ырыскул МАХАНОВА,
№10 «Қайнар» мектеп-гиназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімдері. Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

        ...

ҮЗДІК ЖАСӨСПІРІМ СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

        ...

ІС-САПАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

        ...

КҮЗ КЕРЕМЕТІ

        ...

«ЖАНАСЫЛ» КҮНІНЕ 180 ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ШЫҒАРУДА

        ...

КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Біздің мектебімізден түлеп ұшқан ...

БІРТҰТАС ТӘРБИЕГЕ НЕГІЗДЕЛІП ӨТКІЗІЛГЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға ...

БАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық» ...

БАНКОМАТ

Мақсаты: Балаларға ұлттық валютамыз ...

БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ

Мақсаты: Баланың дамуына,жеке тұлға ...