Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСТЫ НАЗАР АУДАРЫЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСТЫ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСТЫ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

        Жетісай ауданында спорт саласын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында үстіміздегі жылы жеке инвестор және бюджет есебінен 13 спорт нысандарын салу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда. 
        Аудан әкімшілігінің бұқаралық спорт саласын ерекше назар аударуының өзіндік себебі бар. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз»,– деген болатын.  Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында бұқаралық спортқа ерекше назар аударып, дене шынықтыруға басымдық беру керек екенін айтқан еді. Әр өңірде, облыс орталықтарында спорт секцияларын ашуды тапсырды. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталған болатын. Осы орайда «Дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Осыдан кейін жалпыұлттық жоспар шеңберінде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары да бекітілді.
        Нәтижелі жұмыстардың арқасында 2020 – 2022 жылдары елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар саны 31,4 пайыздан 38,4 пайызға дейін ұлғайды. Республикада салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде жыл сайын 1,2 млн. адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамтитын барлық жас санаттарына арналған, әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіруден марафондар, велошерулер мен веломарафондар, фестивальдер, отбасылық жарыстар соның бірден-бір дәлелі.
        Бұдан бөлек елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытудың  2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасыда бекітілген болатын. Бұл тұжырымдама бойынша бұқаралық спортқа, соның ішінде балалар мен жастар арасында, азаматтардың барлық санаттары үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың жалпыға қолжетімділігіне, дене шынықтыруға, әуесқой және кәсіптік спортқа тең көзқарасқа, жоғары жетістіктер спортын және бейімделгіш спортты дамытуға ден қойылған.
         Тұжырымдама аясында 2029 жылға дейін елімізде 20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара өтеді. Одан бөлек мектептер мен жоғары оқу орындарының жанынан тұрақты жұмыс істейтін спорт клубтары мен командалар құрылады. Олардың арасында аудандық, облыстық және республикалық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, БАҚ өкілдері, қаржы құрылымдары арасында тұрақты түрде спартакиадалар болады. Одан бөлек, егде жастағы спортты жанына серік еткен жандар үшін де ерекше көңіл бөлінеді. Яғни «қолжетімді спорт» жобасын іске асыру жалғасады. Еліміздің барлық өңірлерінде скандинавиялық жүріс, йога сынды денсаулыққа пайдалы спорт әрі қарай жалғасады. Одан бөлек марафонға дайындық үшін жүгіретіндердерге арнайы жаттықтырушылар тарапынан сабақтар ұйымдастырылатын болады.
С.ҚУАНЫШБЕК, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...