ҮЛКЕН ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ,ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП!
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
17/12/2024
11 Views
«Мамандығым – болашағым» жобасы бойынша, Әбілхан Қастеев атындағы №46 жалпы білім беретін КММ-де «Үлкен жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!-атты тақырыпта ардагер ұстаздар мен мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары арасында мағыналы кездесу болып өтті.
Осы кездесуді өткізудегі мақсатымыз – оқушыларымыздың бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілікті қалыптастыру, олардың өз-өздерін тану аймақтарын кеңейту, мамандық әлемінен ақпарат алу, келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауларына жол көрсету болды.
Шәкірттеріміздің болашағы үшін маңызы ерекше осы іс-шараны аша отырып, «Бүгін сендер өткен күндердің алтын қазынасы – ардагер ұстаздармен жүздесіп, мол өнеге алып, олардың кәсіби тәжірибелерімен танысасыңдар. Ардагер ұстаздарымыз көп жылдар бойы білім саласында аянбай тер төккен, қызмет жолында көптеген шәкірт тәрбиелеп, келер ұрпаққа өнеге болған. Олар біздің білім ордамыздың мақтаныштары. Сендер де мектеп бітірген соң, өздеріне лайық мамандықтарды игересіндер. Естеріңде болсын, кез-келген мамандық – тек күнкөріс көзі ғана емес, сонымен бірге нақты бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі де. Сол себепті де біз сендердің осы мәселеге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңа сенеміз»-деп, оларға мамандық таңдаудың қаншалықты маңызды екенін барынша түсіндірдік.
Шара барысында сонымен қатар, білім ордамызды әр жылдары бітіріп шығып, бүгінде еліміздің әр бұрышында түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген, мектебіміздің мақтан тұтар түлектері туралы арнайы дайындалған видеороликтер оқушыларға көрсетілді.
Ашық форматта, еркін жағдайда өткен іс-шарамыздың қорытынды бөлімінде жоғары сынып оқушылары қонақтарымыз бен ұстаздарға мамандықтарға қатысты өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Гүлжайна ӘЛІМХАНОВА.
Ә.Қастеев атындағы №46 мектебінің мұғалімі, Жетісай ауданы.
2024-12-17