Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

          «Құдықты инемен қазғандай» күрделі, бірақ көзге көріне бермейтін архив ісі бір сөзбен түйіндеп айтар болсақ,  Қазақстан Республикасында архив ісін реттейтін заң актілері шеңберінде мынандай үш бағытта жүзеге асырылады: мекемелердегі құжаттардың толықтығы мен сақталуын қамтамасыз ету, оларды іріктеп мемлекеттік сақтауға қабылдау және мемлекет игілігіне пайдалану. Осы міндеттерді жүзеге асыруда архив мекемелері едәуір табыстарға қол жеткізді.
           Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан «Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің» тарихы 1963 жылдан бастау алады. Тарихтан барлығымызға белгілі болғандай Қазақ КСР-і Шымкент облысына қарасты Киров және Мақтарал аудандары 1963-1971 жылдың шілде айына дейінгі аралықта Өзбек КСР-і Сырдария облысының құрамына берілген. Сырдария облыстық атқару комитетінің  1963 жылғы 15 маусымдағы «Сырдария облысында мемлекеттік мұрағаттар құру туралы» № 4 § 89 шешімі негізінде облыста мұрағат саласын дамыту, мұрағаттың жұмыстарын жеңілдетуді ұйымдастыру, оларды басқару, мемлекеттік мұрағат қорларын  толықтыру жұмыстарын арттыру мақсатында Мақтаарал, Киров және Ильич аудандарының аумағын қамтитын – Сырдария облыстық мемлекеттік мұрағатына бағынышты Киров ауданаралық мемлекеттік мұрағаты құрылды. Өзбек және Қазақ КСР-інің арасында әкімшілік-аумақтық өзгерістер болуына байланысты 1971 жылдың шілде айынан Киров, Мақтаарал және Жетісай аудандары Шымкент облысына берілді, ал облыстың мұрағат жүйесіне Киров филиалы өткізілді. 1978 жылы мұрағат Жетісай қаласына көшірілді және «Жетісай филиалы» деп атала бастады. 1999 жылы атауы өзгерусіз Мақтарал ауданы Атакент поселкесіне көшірілді, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 29 шілдегі № 86 қаулысына сәйкес атауы «Жетісай өңірлік мемлекеттік мұрағаты» болып өзгертілді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16 мамыр 2016 жылғы № 132 қаулысымен «Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 259 қаулысын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» № 45-н/қ бұйрығы негізінде Мақтаарал аудандық мемлекеттік архивінің Асықата бөлімі Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің құрамына берілді. Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде 2024 жылдың 01 қаңтардағы мәлімет бойынша 391 қор енгізілген, жалпы қағаз жүзінде 1924-2020 жылдар аралығындағы тарихи маңызы бар 135047 сақтау бірліктегі тұрақты сақталатын істер сақталады, оның ішінде 92722 сақтау бірлікте басқару құжаттамасы, 37842 сақтау бірлікте жеке құрам бойынша құжаттар, 2522 сақтау бірлікте «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы ардагерлері», «Еңбек ардагерлері», «Ауған соғысы ардагерлерінің» жеке текті құжаттар енгізілген. Сонымен қатар, 1961 сақтау бірлікте ауданымыздың әрқилы кезеңдерінің тарихын суреттейтін фотоқұжаттар тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылданған.
          «Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің» қызмет көрсету аумағына Жетісай және Шардара аудандары кіреді. Архив өзінің қызмет ету аумағындағы мекеме, ұйым, кәсіпорындардың  ғылыми, саяси және тәжірибелік маңызы бар  құжаттарын қабылдауды және мемлекеттік тұрақты сақтауды қамтамасыз етеді. Архивтегі қорлар құрамына жергілікті мемлекеттік атқару органдардың, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар мекеме мен кәсіпорындардың, сот және прокуратура органдарының, білім, мәдени ағартушылық ұйымдарының тұрақты сақталатын құжаттары кіреді.
            «Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде» 1996 жылдан бері басшылық қызмет атқарып келе жатқан Хожаев Мейрамбек Ергешұлы. Осы уақыт аралығында көптеген ізденістер жүргізіп әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысып материалдар дайындаған, қорлар негізінде тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялап келуде, архивтің қорлар бойынша Жөнсілтерін жасауды жоғары дәрежеде ұйымдастыра білген және басқада бірқатар жұмыстар атқарып архив ісін дамытуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып келуде. Сонымен қатар өңірлік архивте 12 архивист жұмыс істейді. архив қорлар негізінде архививстер әртүрлі тарихи кезеңдерге қатысты материалдардан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жыл бойына мақалалар жариалап отырады. Дегенмен, қиынымен мен қызығы қатар жүретін архив саласындағы атқарылған жұмыстар көп болғанымен істелетін жұмыстар одан да көп. Осы сәтті пайдаланып отырып ауданымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме, ұйым, кәсіпорын қызметкерлерінің құлақтарына алтын сырға, бүгінгі қолдарыңыздағы құжат ертен тарих болатынын ұмытпаңыздар.
           Архивсіз тарих болмайды – тарихсыз ел болмайды деген сөзді әрдайым жадымызда ұстайық. Тарихын ұмытқан елдің келешегі болмайды. Тәуелсіз Республикамыздың экономикасы тұрақталып дами түскен уақытта мемлекет мұрағатқа ерекше көңіл аударып отыр. Үстіміздегі жылы Жетісай өңірлік мемлекеттік мұрағатының әкімшілік ғимаратында ағымды жөндеу жұмыстары жұргізілді. Соңғы үлгідегі компьютер, ксерокөшірме аппараттары және офистік жиқаздарымен жабдықталды.  Әкімшілік және қор сақтау бөлмелеріне күзеттік және өртсөндіру дабыл белгілері орнатылды. Ауданымыздың тарихымен танысамын, ғылыми ізденістер жасаймын деген азаматтарға әрқашанда есігіміз ашық.
Мырзалиев Самат Даулетұлы,
«Жетісай өңірлік мемлекеттік
архивінің» археографы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ormana, the authentic mountain village on the Turkish Riviera selected among UN Tourism’s 2024 Best Tourism Villages

Ormana village, set at the ...

Бас прокуратура. Есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды

     Қазақстан Республикасының ...

22 ЖЕЛТОҚСАН – «АРХИВШІЛЕР КҮНІ»

        ...

АРХИВТЕР АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

        ...

«ЖАС АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

        ...

САҚТАР ТУРАЛЫ ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕР

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: ...

Эстафеталық сайыс

        ...

ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР

        ...

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

        ...

МЕКТЕПТЕ АЙДАРХАН ӨТЕНҰЛЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

       Жетісай ...