Жетісай және Мақтаарал ауданындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме, ұйым, кәсіпорындар назарына!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» № 275 бұйрығына және Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік архивтерімен көрсетілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға прейскурантын бекіту туралы» № 300 қаулысына сәйкес облысымыздағы мемлекеттік архивтер жүйесіне ақылы қызмет түрі енгізілді. Осыған орай Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің толықтыру көзіне енгізілген ұйымдарға және жеке меншік кәсіпорындарға 2020 жылдың 1-ақпанынан бастап мемлекеттік архивтердің жұмыстары мен қызметтері ақылы түрде көрсетіліп келеді.
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 300 қаулысына және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес «Мемлекеттік архивтердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлеріне төмендегі жұмыстар жатады:
-
құжаттарды ретке келтіру;
-
тұрақты және уақытша сақталатын құжаттардың тізімдемесін түзу, тарихи анықтамасын құрастыру;
-
құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу (құжаттарды іріктеу, сақтау мерзімі өткен құжаттардың жою актісін дайындау);
-
жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
-
архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
-
архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
-
архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;
-
жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
-
жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
-
жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;
-
сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
-
әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
-
архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.