Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛУДЫҢ БАР-ЖОҒЫН ЖЕДЕЛ ТЕКСЕРУ АМАЛЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛУДЫҢ БАР-ЖОҒЫН ЖЕДЕЛ ТЕКСЕРУ АМАЛЫ

ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛУДЫҢ БАР-ЖОҒЫН ЖЕДЕЛ ТЕКСЕРУ АМАЛЫ

         Шетелге сапар жоспарлаған кез келген адам өз жоспарына ешқандай кедергі болмайтынына сенімді болғысы келеді. Алайда, түрлі қарыздар шетелге шығуға шектеу қоюға себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтар елден шығуға тыйым салудың бар-жоғын eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы жедел тексере алады. 
       Шетелге шығу құқығын шектеудің негізгі себебі – қарыздардың болуы. Оларға төленбеген салықтар, айыппұлдар, алименттер, коммуналдық қызметтер бойынша қарыздар, сондай-ақ тиісті құжаттық растауы бар жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы қарыздар жатады.
       Еgov.kz порталында сервисті пайдалану үшін: 
  • «Азаматтарға» – «Азаматтық, көші-қон және иммиграция» – «Шетелге шығу» бөлімін таңдау керек;
  • «Шет елге шығуы шектелген, борышкерлер тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
  • ЖСН/БСН-ды еңгізіп, «Ары қарай» батырмасын басу керек;
  • мәртебелік бетте сұранысты қарау нәтижесімен танысу қажет.
         eGov Mobile қосымшасында сервисті пайдалану үшін:
  • eGov Mobile қосымшасына кіріп және авторизациядан өтіп, «Қызметтер» – «Саяхат, шетелдегі өмір және эмиграция» бөлімін таңдау қажет;
  • «Шет елге шығуы шектелген борышқорлар тізімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандардың бар болуын тексеру» қызметін таңдау керек;
  • ЖСН/БСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз;
  • тексеру нәтижесімен танысу қажет.
        Шетелге шығуға шектеулер қарыз сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда немесе сот тиісті өндіріп алу туралы қаулы шығарған болса алимент төлемдерінің мерзімі 3 айдан асып кеткен жағдайда қолданылады. Сотпен бекітілген сот орындаушысының қаулысы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жіберіледі, олар шекарадан өту мүмкіндігін бұғаттайды.
      Қызмет тегін көрсетіледі және жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді.  Сондай-ақ, шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі АІЖО ААЖ арқылы «Шетелге шығуға тыйым салу» бөлімінен тексеруге болады.
       Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Әділет министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
      Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
Жайнагүл Сейдахметова
+7 778 602 26 26
press@nitec.kz;
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Бас прокуратура. Есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды

     Қазақстан Республикасының ...

22 ЖЕЛТОҚСАН – «АРХИВШІЛЕР КҮНІ»

        ...

АРХИВТЕР АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

        ...

АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

        ...

«ЖАС АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

        ...

САҚТАР ТУРАЛЫ ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕР

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: ...

Эстафеталық сайыс

        ...

ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР

        ...

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

        ...

МЕКТЕПТЕ АЙДАРХАН ӨТЕНҰЛЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

       Жетісай ...