Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
КІТАПХАНАЛАРДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДА ДА МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » КІТАПХАНАЛАРДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДА ДА МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

КІТАПХАНАЛАРДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДА ДА МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

         Ата Заңымызда: «Мемлекеттің басты бай­лығы – адам» деп көрсетілген. Сол азаматтардың білімді болғаны мемлекетіміз үшін маңызды. Білімділік – әлем жаратылғалы бар қажет­ті­лік, бұдан кейін де осылай бола бермек. Адам­ның жетілуі үшін уақыт пен жайлы орын қажет.
       Бұл қа­жеттіліктер кітапхана арқылы ғана ше­шімін таппақ. Сол кітапханалар бір-біріне бай­ла­нысты, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын үш құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – кі­тап сақтайтын және кітап оқитын орын, екін­шісі – кітапханашы, үшіншісі – кітап қо­ры. Осы үшеуінің бірлігі – кітапхана. Айта кетерлігі еліміздегі бүгінгі кітапхана орта ғасырды қойып, 20 жылдың алдындағы кітапханаларға ұқса­майды. Болашақта бұдан да жаңарған кітап­ханалар пайда болатыны сөзсіз.
          Аугустин Биррелдің: «Бү­гін­гі күннің нағыз университеттері – бай кітап­ханалары» деген сөзі бар. Шынында, кітап­хана – адамдарды өмір бойы тәрбие­лейтін бірегей университет. Адамның мектепте немесе университетте білім алу бел­гілі бір уақыт шеңберінде ғана іске аса­ды. Мектеп болсын, университет бол­сын – белгілі уақыт шеңберінде ғана білім беретін, уақыт жағынан мүмкіндігі шек­теулі орындар. Кітапхана уақыт шек­темесіне ұшырамай, өмір бойы қызмет көрсетеді.
          Кітапхана жұмысының ерекшелігі көп, өзіне тән қызығы да, қиындығы бар. Бі­ріншіден, кітапхана қызметі ізгілік қағи­даларына негізделген. Қай елге, қай жерге барсаңыз, ақылы кітапхана жоқ. Ол – әлемдегі ақысыз қызмет көрсететін бір­ден-бір мекеме. Екіншіден, әлеуметтік игі­лік­терге адамдардың бәрінің қолы жете бер­мейді. Айталық, жақсы медициналық кө­мек пен сапалы білім алудың өзі қар­жылық жағдайыңызға байланысты. Кі­тап­хана қызметі қоғамның барлық мүше­сіне ортақ. Ол адамдарға алаламай, байға да, кедейге де, кәріге де, жасқа да, он екі мү­шесі сау адамға да, көмекке мұқтаж жан­дарға да бірдей қызмет көрсетіледі. Үшін­шіден, кітапхана жұмысы – көзге көрін­бейтін, бірақ өте ауыр жұмыс. Кітап­хана­шы­лар үнемі кітаппен жұмыс істейді, оның ішінде кітап тасу (көтеру) сияқты ауыр дене еңбегі де бар. Бұдан тыс үнемі ескі кітаптың шаңын жұтып жүріп жұмыс істеуге, электр нұрының астында ұзақ оты­руға мәжбүр. Басқа салада мұндай зиян­ды ортада жұмыс жасайтындар үшін денсаулығын күтуге арналған әлеуметтік па­кеттер бар. Төртіншіден, қазір кітап көп, оқырманға керекті кітаптарды талдап, ұсыну – кітапхананың басты міндеттерінің бірі. Сондықтан кітапхана мамандары ақ­паратты талдай алатын қабілетке ие, бі­лікті де білімді болуға тиіс. Бұл үздіксіз тәр­бие­лену­ді қажет етеді.
         Қазір қоғамның да, оқырманның да та­­лабы өзгерген. Сондықтан кітапхана да өз қызметін өзгерту процесін бастан ке­шуде. Кітапхана – әрі білім беру орны, әрі мәдениет орталығы, ақпарат тарату және ана­лиз жасау орталығы, сондай-ақ дема­лыс орны болу сияқты сан-салалы қыз­мет­терді атқаруда.
          Қорыта айтсақ, бүгінгі кітапхана – қоғам­ның қазіргі қажеттілігін өтеумен қатар, бо­­­лашаққа да қызмет ететін орын. Кітапха­на­ға біреу кітап оқуға барса, біреу жаңа ақ­параттар алуға барады, біреулер қоғам­дық қарым-қатынас орнату үшін, біреулер демалуға барады, т.б. Сол себепті кітап­ха­наға жұмсалған қаржы – болашаққа са­лынған инвестиция.
Ділдабек Балауса Жиенбекқызы,
№37 «Еңбек» ЖББМ кітапханашысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Бас прокуратура. Есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды

     Қазақстан Республикасының ...

22 ЖЕЛТОҚСАН – «АРХИВШІЛЕР КҮНІ»

        ...

АРХИВТЕР АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

        ...

АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

        ...

«ЖАС АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН – ТӘУЕЛСІЗДІК» ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ

        ...

САҚТАР ТУРАЛЫ ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕР

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: ...

Эстафеталық сайыс

        ...

ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР

        ...

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

        ...

МЕКТЕПТЕ АЙДАРХАН ӨТЕНҰЛЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

       Жетісай ...