Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті жасақ. Олар кімдер? Ерікті жасақшыларды Шекара қызметінің кез келген департамент, шекара басқармаларынан, шекара бөлімшелерінен кездестіресіз. Екі елдің арасына сына болып қағылған шекара күзетіле бастаған сәттен бері жергілікті халық білектерін түріп, шекарашыларға көмектесуді бастап кетті. Бұл – ең алдымен Күлтегін бабамыз айтпақшы: «күн отырмайтын, түн ұйықтамайтын» шекарашылардың ел шебіндегі жанкешті еңбектеріне деген құрмет. Сосын да ауыл халқының жасыл күнқағарлыларға көмектескісі келіп асығып тұратындары…
          Солардың бірі, Бауыржан Талқыбаев дүние есігін Нарынқол ауылында ашыпты. Бала кезінен шекарашыларды көріп өскен соң да шекарашыларға «бүйрегі» бұрып тұратын Баукеңмен әңгімеміз әп дегеннен, шекара бұзған қаскөйлерге ойысқан. Сөйтсек, өткен жылы ауылдың ішінде жүрген бейтаныс адамдарды көріп, олардың жүріс-тұрыстарына күдікпен қараған ол әлгілердің қасына жақындап, өздерін сөзге тартады. Өзінің ерікті жасақшыларға берілетін куәлігін көрсетіп, құжаттарын сұрайды. Сол-ақ екен, түрлері бірден бұзылып шыға келген екеу не істерлерін білмей сасқалақтап қалады. Өзінің түйсігі алдамағанын, қарсы алдында шекара режимін бұзушылардың тұрғанын тез түсіне қойған Бауыржан бірден «Нарынқол» шекара бөлімшесімен хабарласып, болған жағдайды айтады.
         Кейіннен белгілі болғандай, ерікті жасақшының көмегімен құрықталғандар шекаралық аймаққа «екі қолға бір күрек іздеп» келіп қалған жателдіктер болып шықты. Осылайша, байырғы тұрғынның қырағылығы арқасында, екеу айыппұл арқалап, елден аластатылды…
         …Осындайда еріксіз еске түседі, шекара аймақтарының бірінде өмір бойы мал баққан ағамыз болды. Өзін шекарашылар қатты құрметтейтін. Адалдықты серік еткен, жайдары да, кішіпейіл, ақкөңіл де қарапайым осы бір аяулы жанмен сұхбаттасу бір ғанибет болатын. ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Нарынқол» шекара бөлімі бастығының орынбасары – штаб бастығы майор Руслан Қыдырмолдаұлы «біздің қырағы көмекшілеріміз»  деп атап өткен ерікті жасақшылардың бірі Бауыржан Иембергенұлы туралы да дәл осылай айтқан болар едік.
           Ал кейіпкеріміз өзінің шекарашыларға деген шексіз құрметін былай білдіріп еді:
          – Ерікті жасақшылардың қатарына қосылғаныма оншақты жылдың жүзі болып барады. Негізі, бізді қырағы ететін де туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік қой. Шекара аймағында өскен соң бір жағынан қырағылықтың қандай болатынын шекарашыларға қарап білемін, – дейді Бауыржан Талқыбаев. Сондықтан, әлдебір шаруамен тауға шыққан сайын өзіме жүктелген жауапкершілік жүгін ұмытқан емеспін.
           Сосын, шекарашылар халқы өздерінің әскери екендеріне қарамастан жүздері жылы, мейірімді, жүректері ашық адамдар. Ерікті жасақшы атанғаннан бері қаншама офицер, әскери қызметшілермен танысып, сұхбаттас болдым. Әлі күнге дейін «сіз-бізіміз» түзу. Бүгінде Шекара қызметі директорының орынбасарлары болып қызмет етіп жүрген сардарлар Серік Рахымов, Бауыржан Абсаматовтар кезінде осы өңірде қызмет атқарды. Солардың жас жағынан ең кішісі, қазір Астанада қызмет ететін Сапархан Бейсенбаев та біраз жыл алдымен осындағы «Нарынқол» шекара бөлімшесін, содан кейін бөлім басқарды. Солардың қай-қайсысы да халық сыйлайтын азаматтар. Біздің өсіп келе жатқан перзенттеріміз, жас буын осындай патриоттарға қарап бой түзесе, түбінде жаман болмайды.
         Міне, осылай деп, бізбен ағынан жарыла сұхбаттасқан Бауыржан Иембергенұлының шекарашылар туралы айтары осы. Жүрекке жылы сөздер! Өйткені, шекарашылардың артында Қазақ елі бейбіт тыныстап жатыр. Жақында ғана бізге берген тамаша сұхбатында Халық Қаһарманы Сәт Тоқпақбаев ағамыз осылай деген! Түсіне білгенге, салмағы сұрапыл сөз!
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...

ШӘКІРТТЕРІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!

        ...