Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

          Мыңжылдықтың ширек ғасырын шекара басқармаларының оқу базаларында қарсы алған «Күз-2024» шақырылымының жас сарбаздарына ел шебіне аттанатын күн де келіп жетті. ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша шекара басқармаларының техникалық және кәсіби даярлық бөлімдерінде ел шебіне қажет мамандық түрлерін игерген сарбаздарды алыстағы шекара бөлімшелерінің жеке құрамы нан-тұзбен қарсы алып, құрмет көрсетті.  
         «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, шекараға жіберілгендерді шекарашылармен бірге жергілікті әкімдіктің өкілдері де бірге күтіп алып, болашақ Отан қалқандарының алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Лайықты бағасын беру керек, бұл жағынан тағы да Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы дараланды. Өздері үкілеп шығарып салған сарбаздарға арналған салтанатты рәсімге әкімшілік қызметкерлерін тартып, көрегендік танытты.
         …Осылайша, қаңтар айында департаменттің ел шебіндегі бірқатар бөлімшелері жас сарбаздармен толықты. Солардың ішінен даралап айтатын болсақ, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Нарынқол», «Қостөбе», «Текес», «Сүмбе», «Сұңқар» және «Жазық» шекара бөлімшелері осы сәттен бастап, сарбаздардың екінші туған үйіне айналады. Мұнда оларды бірнеше аптаға созылатын «қызметке тарту» дәрістері күтіп тұр. Шекара нарядтарына шығуды үйренген соң сарбаздарға ел шебін күзету секілді маңызды міндет сеніп тапсырылатын болады.
        Тағы бір айта кетерлігі, сарбаздармен тек шекара басқармасының офицерлері жұмыс істеумен шектелмейді. Оларға көмекке шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының мүшелері, ҰҚК Әскери полиция өкілдері тартылған. Құзырлы мекменің қызметкерлері «Сарбазды ұрдың – түрмеге отырдың» тақырыбында алдын алу шараларын өткізсе, саналы ғұмырларын ел шебінің сызатсыздығына арнаған ардагерлеріміздің де жастарға айтар ақылы жоқ емес…
         Сонымен, алыстағы шекарашылар өздерінің қатарларын толықтырған жас буынды қалай қарсы алды деген сұраққа келсек.
         – Бүгін бізге 70-ке тарта сарбаз келді. 30-ға жуығы «Қостөбе» шекара бөлімшесінде қызмет атқаратын болады. Қалғандары өздерінің азаматтық борыштарын шекара басқармасының негізгі күші шоғырландырылған «Нарынқол» шекара бөлімшесінде өтейді. Оларды Райымбек ауданы әкімінің орынбасарлары Жанарбек Жақсылық пен Ғалым Жусанбаевтар да бізбен бірге қарсы алып, Нарынқол өңірінің халқы атынан ізгі тілектерін арнады, – дейді «Нарынқол» шекара бөлімі бастығының орынбасары – штаб бастығы майор Руслан Қыдырмолдаұлы бізбен сұхбатында. Рәсімнен кейін шекара бөлімшесінің асханасында сарбаздарға арнап мерекелік дастархан жайылды.
         Иә, шекараның күретамырына қан жүгірді, яғни жас сарбаздармен толықты. Мұнда олар үйренетін нәрсе көп. Ең бастысы, осы өңірдің аяулы перзенті, поэзия мұзбалағы, ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, олар Отанының шетіне қадам басты. Мұнда тыныштық. Бірақ қауіпті. Сосын да Тоныкөк бабамыз секілді «күн отырмайды, түн ұйықтамайды».  Өйткені, осы жерден күн шығып,  осы жерден таңдары арайлап атады…
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...