ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Posted by: Қалмұрат
in News, Әлеумет, Білім саласы, Жас буын, Өзекті мәселе
27/01/2025
74 Views
Жуырда біздің – «Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларымыздың бойында қамқорлық сезімдерін ояту, оларды игі істер жасауға дағдыландыру. Қажеттілік туындағанда бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету болды.
Біздің осы жәрмеңкемізге 1-9 сыныптардың оқушылары түгел дерлік қатысты. Оқушыларымыздың біреулері үйлерінен бауырсақ, бәліш, тәтті тоқаштар, құймақ, вафлилер пісіріп әкелсе, ал екіншілері түрлі сусындар: компот, шұбат, сусындар әкелді. Жәрмеңке барысында оқушыларымыз өздерінің үйден жасап әкелген заттарын жарнамалап сатты.
Жәрмеңке мектебіміздің оқушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлады десе де болады. Олар құрбы-құрдастарының үйлерінен әкелген тәттілерді қуана сатып алып жатты. Осы шара олардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттырды және оларға өздері дайындап әкелген заттарына лайықты баға қою өнерін де үйретті десе де болады. Осылайша жәрмеңкеміздің пайдалы тұстары көп болды дей аламыз.
Осы қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржылар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және де жалғызбасты ана тәрбиесіндегі оқушыларға теңдей бөліп берілді. Қайырымдылық көмек көрсетуге әрдайым дайын тұратын азаматтар да осындай сауапты істен қалыс қалмай, қолдарынан келген көмектерін көрсетті. Атап айтар болсақ, жүрегі кең азаматтар – Гарипова Нагима мен Көлбаев Әділхан жалғызбасты ана тәрбиесіндегі Әскер Нұрдәулеттің отбасына 30 000 теңге көлемінде киім-кешекпен көмек көрсетсе, Мырзанова Насиба жылы жейде мен шалбармен қамтамасыз етті. Ал, Батырбекова Гульбахыт 10 000 теңге көлемінде қыстық аяқ киіммен көмек көрсетті.
Еркебаева Акерке Сабиткызы,
“Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп” КММ Әлеуметтік педагогы.
Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
2025-01-27