Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

          Ата-бабаларымыз жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Сол даналар ұлттық құндылықтардың бала кезден бойға сіңірілуі керектігін жақсы түсініп, жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды ерекше қадір тұтқан. Сол игі дәстүрді бүгінгі таңда өркениет талаптарына сай дамытудың маңызы ерекше.
         Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз өмір тәжірибесінен алынғаны белгілі. Бала дүниеге келгенде, қаз басып жүре бастағанда (шілдехана, тұсаукесер) тағы басқа оның ер жету кезеңдеріндегі әдет-ғұрыптардың баршасы қазақтың даналығының көрінісі, әрқайсысының өзіндік маңызы бар. Осындай салт-дәстүрлердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруі үшін терең мағынасын, маңызын мектептерде де насихаттап тәрбиелеудің кейінгі толқын үшін қажеттілігі анық.
       Ұлттық киімдеріміз – дегенде ойымызға қазақы ою-өрнектермен кестеленген шапандар, кежекейлер, жеңсіздер елестері хақ. Ұлтымыздың хан-сұлтандар, сал-серілер мен қарапайым жандар, жастарға, балаларға киетін киімдері де әр мезгілге байланысты қолданылған. Сондай-ақ, әр адамға жасына қарай ер не әйел, әлеуметтік жағдайына байланысты киіне білуді ұлтымыз ежелден білген. Ер мен әйел киімдері, күйеу мен қалыңдық, қарт пен кемпір, бозбала мен бойжеткен, ұл бала мен қыз бала киімдерінің өз орны бар. Зерлі шапан, кежекей, кимешек, сәукеле секілді ұлтымыздың киімдері қандай ортада болмасын өзгелердің назарын аудартып, қызығушылығын тудыратыны анық.
       Ұлттық аспаптарымыз. Қазақтың ұлттық музыка аспаптары жайында айтар болсақ, атақты Қадыр ақын айтқандай, «қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл бос бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген өлең тармақтары оралады. Қасиетті қара домбырадан басқа қобыз, сыбызғы, шертер, шаңқобыз тағы басқа аспаптар толып жатыр. Қуантарлығы ұлттық аспаптарымызға қызығатын жастарымыз көп.
        Ұлттық ойындарымыз. Қазақ халқында ұлтпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық ойындар жетерлік. Жастарды ептілікке, мықтылыққа бағыттайтын көкпар, қыз қуу секілді ойындар, мергендікке тәрбиелейтін жамбы ату, жылдамдыққа үйрететін теңге алу ойындарының маңызы зор. Осындай ойындарды ойнай білетін жастар шымыр, қиындыққа төзе білетіні анық. Немесе асық ату, ләңгі тебуді алайықшы, мұнда да дәлдік пен жылдамдық алғы орындарда тұрады. Осындай ойындар насихатталып, әртүрлі деңгейде жарыстар өткізіліп отырса, жас ұрпақтың денсаулығының мықты болуына септігін тигізеді.
       Ұлттық тағамдарымыз. Қазақтың ұлттық тағамдары ет өнімдері, түйе мен жылқының сүт өнімдері бүгінгі күні сұраныста болып тұр. Қолдан шыққан сүт өнімдерінің дүкеннің жасанды сүтінен артық екендігін, ал ата-бабаларымыз тұтынған сары май, ірімшік, сарысу, құрттың денсаулық үшін өте пайдалы екендігін оқушыларымызға ерте жастан түсіндіріп, оларды отандық  әрі табиғи өнімдерді тұтынуға шақыруымыз қажет.
       Қорыта айтсақ, оқушыларымыз халықтық педагогика негізінде тәрбиеленіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі қажет. Ол үшін мектептердің қажетті заттармен жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базасы және де осы саладан біліктігі жоғары педагогтар болғаны жөн. Сонда ғана ұлттық құндылықтарды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, өнерімізді және әдет-ғұрыптарымызды жастарымыздың бойына сапалы түрде сіңіре алатын боламыз.
Аяганова Гульжанат Насиппулаевна,
“Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп” КММ
 директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Есік қаласы, Еңбекшіқазақ  ауданы, Алматы облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...

ШӘКІРТТЕРІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!

        ...