Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

      Есік қаласындағы «Р.Тоқатаeв атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың өз өнерлерін жан-жақты дамытуларына ерекше мән беріліп, тұрақты түрлі әртүрлі өнер байқаулары өткізіліп тұрады. Жақында ғана сондай бір іс-шара  – мектепшілік «Ән шуақ » байқауы болып өтті. 
       «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасына негізделген бұл байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларының әнге деген қызығушылығын арттыру, олардың әншілік қабілеттерін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау және де өнерге біртабан жақындату болған осы шараға 1-9 сыныптардан барлығы 25 оқушы қатысты.
        Қызықты да тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша Аким Ади – «Ұстаз ана», Нұрғазы Әдия – «Жүр досым кітапханаға», Эльбрус Әмір – «Тәуелсіз ел ұраны» Табынбай  Дана – «Әже», Дүйсен Кәусар – «Ұстаз ана», Абдижали Айым – «Ертегілер» әндерімен ерекше  көзге түсіп – бас жүлде,1-2-3 орындарды иеленді.
        Осы жерде айта кетерлігі осы ән байқауында шырқалған балалар әндерінен – рухани-адамгершілік тәрбиенің, эстетикалық сезімдерді қалыптастырудың, оқушылардың қазақ мәдениетінің дәстүрлеріне қызығушылықтары байқалды. Сонымен қатар, бұл байқау өнер мен музыка арқылы оқушылардың ана тілімізді білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын оятуға, өз Отанының күші мен ұлылығына деген мақтаныш сезімін арттыруға арналды. Осы байқаудың  бірегейлігі – бұл өскелең ұрпақтың бойында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасына негізделген дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізіндегі тұрақты адамгершілік нанымдарын тәрбиелеуге бағытталды.
         Шара қорытындысы бойынша одан күтілген  міндеттер – оқушыларды ұлттық сана-сезімге, азаматтық борышқа тәрбиелеу,  ән мәдениетінің үздік үлгілерін сақтау және дамыту, дарынды орындаушыларды іздеу және қолдау, олардың орындаушылық шеберліктерін арттыру, ән мұрасымен таныстыру және көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту толығымен жүзеге асырылды дей аламыз.
Нажипова Гюнель Яшаевна,
 “Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп” КММ
 педагог ұйымдастырушысы.  
Есік қаласы, Еңбекшіқазақ  ауданы, Алматы облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...

ШЕКАРАҒА ҚАДАМ БАСТЫ

        ...

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

       «Шекараны ...

ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТТІҢ БЕЛГІСІ

       Ерікті ...

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

        ...

Жалобу журналистов по иску к МКИ суд оставил без удовлетворения

       23 ...

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        ...

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

Жетісайда Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өміріне арналған семинар-кездесу өтті

        ...

ШӘКІРТТЕРІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!

        ...