Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округі, Бескетік ауылының тұрғыны Асылзада Айнабекқызы дүниеге үшем алып келді. Туманың үшеуі де ұл бала. Бүгінде ана мен оның балаларының денсаулықтары жақсы, бірқалыпты- деп хабарлайды «Мақтаарал ақпарат».
Асылзада Айнабекқызы жүктілігінің 35-ші аптасында Түркістан қалалық периниталды орталығында сәбилерін ота арқылы дүниеге әкелді. Алғаш туылған кезде сәбилердің салмақтары 2600, 2400, 2500 грамм болған. Осылайша жас отбасының көптен күткен тілектері орындалып, ата-анасы жарық дүние есігін ашқан сәбилеріне Алинұр, Бинұр және Бекнұр деп ат қойды. Үшемдердің әкесі Бауыржан Сақбай қарапайым шаруа болса, анасы Асылзада Айнабекқызы бүгінде студент. Бұл үшем олардың алғашқы перзенттері.
Қазіргі күні жаңа туылған сәбилердің денсаулықтарын ауылдық емхананың медицина мамандары өз бақылауларына алған.