Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ

          Бүгінде ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасай отырып тәрбиелеу және де әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру,  ең алдымен балабақшадан, соның ішінде тәрбиешінің еңбегінен бастау алады десек қателеспейміз.
          Ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни, тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу тәрбиешінің, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екiншiден, балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша болып бiрiгiп жұмыс атқару – бізге артылар басты міндет екені сөзсіз.
          Тәрбие – өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап тілегіне тәуелді күрделі үдеріс. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы, ата-ана, балабақша – тәрбиеші. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға тәрбиеші. Яғни ол  – тәрбиенің бастау көзі десек артық айтқандық болмас. Сол себепті де тәрбиешінің еліміздің болашақ азаматының тұлға болып қалыптасуында атқаратын рөлі өлшеусіз болып табылатыны жасырын емес. Сондықтан оның өз міндеттерін сапалы атқаруына жан-жақты қолдау жасалса жақсы болар еді.
КУТЖАНОВА   МАРЖАН АЮБЕКОВНА,
«Ерке Сұлу» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі,  Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

        ...

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

        ...

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕУ

        ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

        ...

«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ

        ...

МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

      Есік қаласындағы ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...