Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

         Балабақшадағы музыка сабағы тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне, педагогика-психология заңдылығына сүйене отырып жүргізіледі. Балалар сабақта 2-3 қысқаша ән үйреніп, оның мазмұнына байланысты би орындайды, музыкалық ойындар ойнайды.
          Балабақша тәрбиеленушісі – ойын баласы. Оны әлі де ертегі, мультфильмдер, аңыздар мен ойындар қызықтырады. Сондықтан сабақтың құрылысы әңгіме айтудан, сұрақ-жауап арқылы әуенді ажыратудан, ән үйренуден, музыка тыңдаудан тұруы керек. Музыкалық материалдар балалардың қызығушылықтарына сәйкестаңдалып отырады. Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қарлығаш», «Ұйқыдағы ару», «Бауырсақ» ертегiлерін, Бесік жырын, «Қара жорға» күйін тыңдауға, әр халықтың ұлттық аспаптарында (домбыра, қобыз, сыбызғы, балалайка) ойнауға болады. Ғалымдар мен педагогтардың арасында бәрі ұстанатын музыка сабағын өту жүйесі мен нақты жоспары жоқ. Мысалға, орыс педагогы В.Н.Шацкая әуелі бүлдіршіндердің пәнге деген қызығушылығын ояту керек, ол үшін сабақты белгілі бір кестемен өткізу қажет емес деп санаған. Ал Н.Н.Доломанова, керісінше, балабақшадағы музыка сабағының жоспарлануына көңіл бөлген. Сабақ жоспарын әзірлеуде тәрбиешілер жоғарыда аталған талаптарға сүйенеді Музыка баланың балабақша өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс.
        Сол себепті, тәрбиеші музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыка сабағында тәрбиешінің әр бір қимылы жүріс тұрысының өзі балаларға өнеге тәлім тәрбие берерліктей болуға тиіс.
         Қорыта айтар болсақ, баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы отбасынан басталады. Ол теледидардан балаларға арналған мультфилімдер мен музыкалық хабарларды көріп, музыканы тыңдау арқылы эмоционалды әсер алады. Бала музыка тыңдай отырып, ырғағына сайкес қимылдар жасап, әуенін орындап қуанышқа бөленеді. Егер бала мектепке дейін балабақшада тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылары дамиды.
БЕРДАЛИЕВА ЖАНСҰЛУ ЖҰМАНҚЫЗЫ,
 «Ерке Сұлу» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі,  Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

        ...

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕУ

        ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

        ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ

        ...

«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ

        ...

МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

      Есік қаласындағы ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...