Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

            Балабақша мен ата-аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру мақсатында ата-аналарды қатыстыра отырып, түрлі семинар-тренингтер өткізіп тұрған дұрыс деп ойлаймын.
             Мақсаты – бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және түсінік жұмысын жүргізу және де ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту болған «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбындағы сондай семинар-тренингте құрал жабдықтар ретінде: интерактивті тақта, плакат түрлі-түсті фломастерлер, ақ қағаздар, әр елдің және жай әуендер жазылған үнтаспа, сюжетті суреттер, түрлі-түсті қағаздан жасалған гүлдер, сұрақтар жазылған карточкалар болды.
            Ал әдіс-тәсілдері ретінде: сәлемдесу шеңбері, көңіл-күйіңізді жаттықтыру, педагогикалық ойын: кім бірінші жетеді, карточка бойынша сұрақтарға жауап беру, дидактикалық ойындар – отбасылық  махаббат үйі,   бейнеролик бойынша талқылау, ойын: қоқыс жәшігі, тілек шамдары пайдаланылды.
         Тренингті аша отырып, «Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбындағы семинар тренингке  қош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі-жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана бәріміз бірге балаларға отбасы жылулығын, балабақша жылулығын беруді аямайық»-деп осы іс-шарамыздың мән-мағынасын түсіндіреміз.
        Сондай-ақ, семинар-тренинг барысында – отбасы – бұл махаббат үйі, ал бала – бақыт. Сондықтан ата-ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол  болатындығын ата-аналарға барынша түсіндіріп, оларды бала тәрбиесіне ерекше назар аударуға шақырамын.
Наханова Гулшад Абдуаликкизи,
 «Нурай-Арай» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі,  Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

        ...

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕУ

        ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

        ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ

        ...

«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ

        ...

МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

      Есік қаласындағы ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...