Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

         Бүгінгі таңда өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Сол себепті де ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан қаласында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
         Осы мақсатта қолға алынған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
         Осы  «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсатына келер болсақ: ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып табылады. Бағдарлама аясында жас буынды – ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу, ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу, жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен бірге денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу- міндеттері тұр. Сонымен қатар, табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулуға мән берілген.
        Осы аталған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бүгінде балабақшалар мен мектептерде қажетті жұмыстар жүзеге асырылуда.  Белгіленген ережеге сәйкес мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде: баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету; баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру; баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылуда. Сондай-ақ, бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолданылуда.
Мұсайыл  Қазына Талғатқызы,
 «Зеретай» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі,  Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

        ...

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕУ

        ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

        ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ

        ...

«ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР» МУЗЕЙ ТӨРІН ЖЫРМЕН ТЕРБЕДІ

        ...

МЕКТЕПІШІЛІК «ӘН ШУАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

      Есік қаласындағы ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

       Жуырда ...