Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛАБАҚШАНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАР ОРНЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАЛАБАҚШАНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАР ОРНЫ

БАЛАБАҚШАНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАР ОРНЫ

         Тәрбие – тал бесіктен екенін ескерсек, бала тәрбиесінде оның қоғам мүшесі ретінде енді ғана қалыптасып келе жатқан шағында, яғни балабақша қабырғасында тәрбиешілердің, балабақша педагогтерінің де атқаратын рөлі ерекше.
           «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі», деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағымен тығыз байланыстырған. Отбасындағы тәрбие мәселесіне айрықша көңіл бөлген.
             Ал қазіргі қым-қуыт тірлікте өкінішке орай, көп ата-ананың бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлуіне уақыт тапшы болып жатады. Сондықтан балабақшада баланың білім алып, ортаны танып, дұрыс таным қалыптастырып жетілуіне үлкен мән берілуі керек. Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай дұрыс дамып-жетілуіне себепкер болу кез-келген балабақша ұжымының да келешек ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі болып табылады.
        Сонымен қатар, ел балабақшаларында баланы еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға назар аударылады. Мысалы, кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, бір-біріне көмектеседі, тәрбиешілер оларды «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулиды. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Сонымен қатар баланың бойына ізденімпаздық, мейірімділік, қамқорлық, топтағы өзге де балалармен жылы қарым-қатынас орнату, тапсырмаларды жауапты орындау арқылы өз-өзіне деген сенімділік негізі қаланады.
       Бала – тұлға, оның да жеке ойын, тілегін, пікірін сыйлау маңызды.  «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, сондықтан жақсы сөздер айтып, оның ойымен де бөлісіп, ой-санасын дамыту керек.
         Бұл жерде балабақшалардың техникалық базасының заманауи талаптарға сай жабдықталғандығы ерекше маңызға ие болары анық. Себебі, ол балалардың қозғалыс пен физикалық дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Атап өтсек, футбол, спорт алаңдары, «денсаулық жолы», жол жүру ережелерін үйрететін учаскелер, шағын бақша, велосипед жүретін жолы бар алаң, серуендейтін бақтар болғаны жақсы болар еді. Бұлардың барлығы да балалардың таза ауада еркін бой жазуларымен қатар, есейгенде  мұндай орындарда көпшілікпен өздерін қалай ұстау керектігін де үйретер еді.
Молдир КАРЖАУЛОВА,
«Қазына Б&М» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі. Келес ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...