Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ

         Бала саналылықтың сипатын ол өмірге келген күннен бастап өз отбасында бойына сіңіреді. Өмірге келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен, ең алдымен өз отбасында танысады. Мұхтар Арынның сөзіне сүйенсек: Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп – отбасы. Осында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Отбасынан кеткен қателікті ешбір мектеп түзете алмайды… Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата-анасы. Ал, ең демі де жарық үй – оның туылған үйі.
        Бала тәрбиесінде, мектепке дейінгі ұйымның алар орны ерекше. Оның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп-тәрбиелеудегі басты мақсат – қоғамдық өмірге түзу кірпіш қалау екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдаулары керек. Көзқарастар – Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.  Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың әрбір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нтиже шығаруға көмектесу. Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман деттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе.
        Жоғарыда айтылғандай бала тәрбиесінде отбасы басты орын алғанмен, оның ана тілін толық меңгеруі ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге тапсырылған. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады.
           Осындай әрекеттердің арқасында бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарау керек. Себебі, олар біздің еліміздің ертеңі болып табылады.
Айнұр КАРЖАУОВА,
«Қос қажы» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі. Келес ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...