ЖАҢА ЗАМАН ТӘРБИЕШІСІ – БҰЛ ӨЗ ІСІНІҢ САУАТТЫ МАМАНЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
29/01/2025
10 Views
Егер ресми терминологияға сүйенетін болсақ, тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында тәрбиеші тағайындалады. Ол тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші педагогикалық оқу орындарында даярланады.
Бүгінгі заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог та. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Мақсаты: Жаңа заман педагог дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа діс жолдарын пайдалануға құштар жне жақсы жетілген педагогикалық тжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз. Ал атақты педагог Амонашвили Трбиеші бұл- өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын ксіби адам деп атап өткен.
Міндеттеріне келер болсақ: Жаңа заман тәрбиешісі төмендегідей болуы керек: Ол балаларды сүйеді, балаға балабақшада психологиялық қамқорлық жасайды. Баланың ойнауына, еңбек және білім алуына жағдай туғызады. Баланың дамып жетілуіне ат салысады. Өз білімін көтеруімен шұғылданады. Білімін жетілдіреді. Тәрбиеші тек балаға белгілі бір дағдыларды қарапайым үйретуші, білім элементтерінен түсінік беруші ғана емес, ол баланы сүйеді, олар қуанса бірге қуанады, мұңайса себебін таба білетін маман.
Балабақша трбиешісінің адам өміріндегі рөліне келер болсақ. Қоғамды жан-жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы-адам,сондықтан адам факторына ерекше мн беріледі. Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықы дрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын-адамдар. Ал, адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін-ұстаздар.
Сонымен қорыта айтсақ, тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды трбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап,оның қоғамдағы рөлін құрметті де маңызды деп санаған. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «…тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін, шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі жне ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді» деп жазды.
Пазилова Нигора Шарофбоевна,
«Ерке сұлу» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі, Атакент кенті.
2025-01-29