Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БАЛАБАҚША – БАЛАҒА БАҒЫТ НҰСҚАУШЫ МЕКЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » БАЛАБАҚША – БАЛАҒА БАҒЫТ НҰСҚАУШЫ МЕКЕН

БАЛАБАҚША – БАЛАҒА БАҒЫТ НҰСҚАУШЫ МЕКЕН

       Кез-келген отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Өмірд балалардың барлығы бірыңғай тәртіпті болып туылады, тәртіпті болып тәрбиеленеді деген қатып қалған аксиома жоқ. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да балабақша.
         Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған баламен, оған бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын – адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз. Сондықтан да балабақша – тек балаға бас-көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен бірге, балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін – сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Сондай-ақ, балабақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналдыруымыз керек.
        Болашақтың қақпасы – әрбір балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.
        Егемен еліміздің мәңгілік болып, қазақ елінің мәңгі жасауы және «қазақ» атауының ешқашан өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпақтың қолында. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде-балабақша өмірінің рөлі зор.
        Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, балаларымызды өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізе алсақ, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны болып табылады.
Оспанова  Забира Мамиралиевна,
 «Ерке Сұлу» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі,  Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ КЕРЕК

        ...

МУЗЫКАҒА ЕРТЕ ЖАСТАН ҮЙРЕТУДІҢ ПАЙДАСЫ КӨП

       Балаларды ...

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

        ...

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

        ...

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКАҒА БАУЛУ

        ...

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕУ

        ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ НЕГІЗІ

        ...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ЕРТЕ БАСТАН СІҢІРУІМІЗ ҚАЖЕТ

        ...