ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Руханият
30/01/2025
17 Views
Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт-дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.
Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге – құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор: «Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі» деген болатын. Демек біз өз ұлтымызда ғана бар нәрсені көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.
Қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуміз қажет.
Үрмат Райхан Ұлыгбекқызы,
«Зеретай» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі, Атакент кенті.
2025-01-30