Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ТАҒАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ТАҒАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ТАҒАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне – сапасы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы температуралық режимдерді қажет ететін, оларды қамтамасыз етпеу қалпына келмейтін сапаның өзгеруіне, бұзылуға ұшырайтын және тұтынушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін өнімдер жатады. Оларға мыналар жатады: консервіленбеген ет, құс және жұмыртқа өнімдері, теңіз өнімдері, сүт және балық өнімдері, ұннан жасалған кремді-кондитерлік өнімдер және әрленгенде салмақтық үлесінің ылғалдылық мөлшері 13%-тен астам өнімдер, өсімдік майы қосып жасалған кремдер, өнеркәсіп емес өндірістің сусындары, көкөністен өңдеу өнімдері (салаттар, гарнирлер), құрамында май бар өнімдер (майонез, маргарин), қоғамдық тамақтану жүйесінде дайындалған барлық өнімдер мен тамақтар.
Мұндай тамақ өнімдерінің барлық түрлері екі топқа бөлінеді: бірінші топ – минус 5 градус Цельский (бұдан әрі -0С) төмен емес және плюс 60С жоғары емес температура кезінде барынша сақтау мерзімі 72 сағаттан аспайтын уақытты құрайтын  тамақ өнімдері, екінші топ – минус 180С-тан плюс 20С-қа дейінгі температура кезінде сақтау мерзімі 60 тәуліктен аспайтын уақытты құрайтын тамақ өнімдері. Тамақ өнімдерінің осы тобына жоғары температурада өңдеудің жетілдірілген режимдерін пайдалана отырып, өнімді бу-газ өтпейтін қабықшаға вакууммен пленкаға қаптау кезінде микробқа қарсы активтілік (консерванттар) қасиеті бар тағамдық қоспаларды қолдана отырып, жаңа технологияда дайындалған өнімдер жатады.
Тез бұзылатын өнімдердің белгіленген сақтау мерзімі технологиялық процесс аяқталған (суытылған) сәттен бастап есептеледі және ол осы санитариялық ережеге сәйкес өнімнің дайындаушы-ұйымдағы  болған уақыты мен азық-түлік  сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарындағы тасымалдау, сақтау уақыттарын қамтиды.
Тамақ өнімдерін дайындаушы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қамтамасыз етеді және тұтынушыға өніммен бірге мыналарды: тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігі; осы санитариялық ережеге сәйкес обьектідегі (технологиялық процесс аяқталған сәттен бастап) өнімнің айындалған мерзімі мен сағатын, сақтау мерзімінің аяқталуын көрсете отырып, көрсетілген тауар құжаттамасын ұсынады.
Осындай санаттағы тамақ өнімдерін тасымалдау үшін Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5899 болып тіркелген «Обьектіге және көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №731 бұйрығының талаптарына сәйкес санитариялық паспорты бар арнайы белгіленген көлік құралдары пайдаланылады (салқындатқышы жоқ изотермиялық кузовтары, салқындатылатын кузовтары, рефрижераторлары). Жылдың жылы мезгілінде тасымалдау плюс 60С-тан жоғары емес температурада, салқындатқыш кузовы бар арнайы көлікпен 6 сағаттан ұзақ емес, салқындатқышы жоқ изотермиялық кузовтарда 1 сағаттан аспайтын уақытта жүргізіледі.
А.КЕМЕЛОВ,
Мақтаарал аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...