Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА" - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА»

«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА»

       Өзіміздің «№14 Н.Оңдасынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  қазақ тілі және әдебиеті пәнінен оқушыларыма «Менің атым Қожа» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. 
         Бұл ашық сабақтан көздеген мақсатым – оқушыларыма терең білім мен тәрбие беру, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, олардың өз ойлары мен пікірлерін ашық айтуға үйрету болды.
        Сабақтың негізгі бөлімінде «Галереяға саяхат» әдісі қолданып, сол тәсіл арқылы жүргізілген шығарманың идеясын ашу жұмыстары өте қызықты әрі пайдалы болды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды топтық жұмысқа баулыды. Сонымен қатар, шығарма мен кинофильм арасындағы байланыс арқылы оқушыларды түрлі көзқарастарға үйретуге мүмкіндік туғыздым. Шығарма кейіпкерлерін әртістердің рөлдерімен сәйкестендіру оқушыларымның визуалды ойлау қабілетін дамытуға көмектесті деп ойлаймын.
        Осы ашық сабақты бекіту барысында оқушыларыммен сондай-ақ,  «Егер де» әдісі арқылы қазіргі таңда Қожа секілді балалармен мектепте жұмыс жасайтын ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы пікірталас жүргізілді. Бұл әдіс шәкірттерімнің өз пікірлерін ашық білдіріп, күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
         Қорытындылай келе, ашық сабақ барысында оқушыларым атақты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы арқылы адам өміріндегі тәрбиенің, білімнің, және ортаның рөлін терең түсініп, адамның тұлғалық тұрғыдан қалыптасуына ықпал ететін факторларды көре білді.
 Тамара УСЕРБАЕВА,
«№14 Н.Оңдасынов атындағы ЖББМ КММ  қазақ тілі және әдебиеті пәні  мұғалімі. 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТӘРБИЕШІ ДЕ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ДАМЫП ОТЫРУЫ ҚАЖЕТ

        ...

ТӘРБИЕШІ ЕҢ АЛДЫМЕН-МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУШІ МАМАН

       Қазіргі ...

ЖАҢА ЗАМАН ТӘРБИЕШІСІ – БҰЛ ӨЗ ІСІНІҢ САУАТТЫ МАМАНЫ

       Егер ...

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ

        ...

БАЛАБАҚШАНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАР ОРНЫ

        ...

ТӘРБИЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ КЕРЕК

        ...

МУЗЫКАҒА ЕРТЕ ЖАСТАН ҮЙРЕТУДІҢ ПАЙДАСЫ КӨП

       Балаларды ...

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

        ...

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

        ...

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

        ...