Қазіргі таңда ғылым салалары бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан мектептегі пәндерді бір-бірінен оқшаулау мүмкін емес. Сондықтан мен география сабағында пәнаралық байланыс әдісін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білімін кеңейтуге бар тәжірибемді жұмсаудамын.
Пәнаралық байланыс әдісі – оқушылардың өзара байланысқан білімдер жүйесін жақсы түсінулеріне ықпал етеді, әртүрлі ғылымдар арасындағы интеграцияны қамтамасыз етеді. Мысалы, табиғи орта мен адамның әрекетінің өзара әсерін білу үшін география мен экология пәндерін біріктіруге болады, ал әлемнің саяси картасын түсіну үшін география мен тарихтың байланысы маңызды. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оларды нақты өмірдегі мәселелерді шешуге дайын етеді. Мұндай тәсіл білім берудің сапасын арттырып, оқушылардың пәндер арасындағы байланысты жақсы түсінуіне ықпал етеді.
Осы мақсат үшін мен өз сабақтарымда интерактивті әдістер қолданамын. Оқушыларым картамен, макеттермен, сандық технологиялармен жұмыс істейді.
Пәнаралық байланыс ретінде жоғарыда айтып өткенімдей тарих, биология және экология пәндерін кеңінен пайдаланамын. Сондай-ақ, сабағыма зерттеушілік тәсілдерді де енгізгенмін. Талап бойынша оқушыларым белгілі бір географиялық құбылыстарды өз беттерімен зерттеп, қорытынды жасайды. Сабақ барысында түрлі карталар мен диаграммаларды қолдану олардың географиялық білімдер бойынша көкжиектерін кеңейтері анық. Осы мақсатта топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өзара пікір алмасып, логикалық ойлау дағдыларын дамытады.
Осындай тиімді тәсілдерді барынша қолданудың арқасында оқушылардың география пәніне деген құштарлықтары артып, сабаққа белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана бастады. Олар табиғи зоналар, климаттық өзгерістер, геосаяси карталар туралы тың ақпараттар алып, оларды өз көзқарастарымен ұштастыра білді.
Жоғарыдағы тәсілдер жоғарыда айтып өткендей оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін де жетілдіруге ықпал етуде. Осылайша сабақтың жоғары деңгейде өтуіне педагог тарапынан – сабаққа тыңғылықты дайындалу, жаңа технологияларды ұтымды пайдалану және жаңашыл әдістерді жан-жақты қолданудың нәтижесі дер едім.
Асқар ИСАБЕКОВ,
М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ КММ география пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.